• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты шарада үздіктер марапатталды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Өнер орталығында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Еңбек күніне арналған «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов пен М.Әбенов, жауапты сала басшылары, қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, шаруашылық өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы қажыр-қайратын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсаған нағыз еңбек адамдары барлық құрметке лайық екенін атап өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбеккеш және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деді.
Бұл - экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.
Ұлтымыздың ұлы мұраты жолында, еңбек майданында ата-бабаларымыз тер төкті. Олардың арасынан 1792 Социалистік Еңбек Ері шықса, 102-сі - Сыр өңірінің еңбеккерлері.
Өз мектебін құрып, шәкірт тәрбиелеген, Сыр күрішінің даңқын асқақтатқан дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Ыбырай Жақаевтың, Сәлима Жұмабекованың орны ерекше. Осындай ұлы ұстаздың тәлімін алған, бала тәрбиелеп, ұлтжандылықпен қызмет атқарған Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева бастаған Сырдың батыр аналарының қажырлы еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Алдыңғы буынның өнегелі ізін жалғап, Тәуелсіз еліміздің тарихында «Қазақстанның Еңбек Ері» атанған Роза Бағланова, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асқар Жұмаділдаев, Юрий Пя, Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев сынды жерлестерімізді әрдайым мақтан етеміз.
Егемен еліміздің жарқын болашағы жолында Отанымызға адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу – біздің қастерлі міндетіміз!
Баршаңызды мерекемен тағы да құттықтап, облысымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін Сыр жұртшылығының, Өзімнің атымнан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін», - деді Н.Нәлібаев.
Еңбек адамдарын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада әр номинация бойынша қаржылай сыйақы табысталды. Атап айтсақ, «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары жеңімпаздарына 1-орынға 500 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңгеден берілді.
Сала үздіктеріне, яғни коммуналдық және басқа да салаларда қызмет ететін 15 маманға облыс әкімінің Алғыс хаты және 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.
Сонымен қатар, өз саласының үздігі деп танылған 15 еңбек майталманына облыс әкімінің Алғыс хаты, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының шипажайға жолдамасы ұсынылды.
Айта кетейік, шарада «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника, тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауылдардың абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн.теңгенің сертификаттары берілді.
Өнер орталығының фойесінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алушылардың өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 30.09.2025
  • 23
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика