• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбек күні қарсаңында «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 коммуналдық техника табысталды

Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы Өнер орталығында «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Байқадамов, Мәжіліс депутаты М.Әбенов пен құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, шаруашылық өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында аймақ басшысы «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника және қаржылай сыйақы табыстады.
«Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы өңірімізде қарқынды жүзеге асуда. Қаламыздағы, аудан орталықтарындағы, ауылдардағы парктер, скверлер мен аллеяларды, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандырудамыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тынымсыз еңбек еткен жерлестеріміздің арқасында облысымыз таза әрі көркем аймаққа айналып келеді.
«Ауыл – ел бесігі», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ауылды дамыту – мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі.
Елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауылдағы ағайынның өмір сапасын жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру, ауылдағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ынталандыру мақсатында 2023 жылдан бастап дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде.
Биыл 564 млн. теңгеге 19 техника сатып алынды.
Әр аудандағы бір ауылды абаттандыру, көркейту жұмыстарына 100 млн. теңгеден астам қаржы беріледі.
Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасады.
Келер жылы конкурсты өткізуге облыстық бюджеттен 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Бірліктің туын биік ұстап, туған жеріміздің келбетін көркейту жолында аянбай қызмет етіп жүрген еңбек адамдарын әрдайым құрметтейміз!», - деді Н.Нәлібаев.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үлгілі елді мекен» конкурсының «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша 1-орынды Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылы, 2-орынды Арал ауданының Қызылжар ауылы, 3-орынды Қармақшы ауданының Ақжар ауылы жеңіп алды.
«Үлгілі аудан» номинациясы бойынша 1-орынды Шиелі кенті, 2-орынды Әйтеке би кенті, 3-орынды Жаңақорған кенті иеленді.
Тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауылдардың абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн.теңгенің сертификаттары табысталды. Атап айтсақ, Арал ауданының Ақбай, Қазалы ауданының Бөзкөл, Қармақшы ауданының Қуандария, Жалағаш ауданының Жаңадария, Сырдария ауданының Іңкәрдария, Шиелі ауданының Майлытоғай және Жаңақорған ауданының Қыраш ауылдарына берілді.
Еске салайық, соңғы екі жылда конкурс жеңімпаздарына 1 млрд. 500 млн. теңгенің күнделікті ел тұрмысына қажетті заманауи үлгідегі 48 арнайы техникасы табысталған болатын. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 30.09.2025
  • 23
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика