• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі алғашқы Digital Nomad Residency иегерінің есімін жариялады

Қазақстанда алғаш рет Digital Nomad Residency берілді. Бұл мәртебеге халықаралық тәжірибесі бар Senior Analytics & BI Engineer Павел Филатов ие болды. Ол Қазақстанды қолайлы өмір сүріп, кәсіби қызметін жалғастыруға ыңғайлы ел ретінде таңдаған. 

2025 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске қосылған бағдарлама аз уақыттың ішінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы әлем бойынша үздік мамандарды тартудың маңызды құралына айналды. Елде тұруға ықтиярхат алу процесі онлайн форматта Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің платформасында басталады. Одан кейін Astana Hub мамандары өтініш берушілерді әр кезеңде сүйемелдеп, заңнамаға сәйкес рәсім толық аяқталғанға дейін кеңес береді. 

Бүгінде АҚШ, Канада, Франция, Түркия және ТМД елдерін қоса алғанда, 20 мемлекеттен 270-тен астам өтінім түсті. Өтініш берушілердің басым бөлігі бағдарламалау, киберқауіпсіздік, UI/UX-дизайн және DevOps мамандары. 

Бұған дейін Digital Nomad Visa аясында алғашқы қатысушылар – Алжир мен Ботсвананың IT-мамандары Қазақстанға келіп үлгерген. Бұл виза табысты растауды талап етпейді, елге кіруді жеңілдетеді және шетелдік те, отандық та компаниялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, визаның қолданылу мерзімі ішінде оның иегерлері Digital Nomad Residency алуға өтініш бере алады. 

Ал Digital Nomad Residency-дің алғашқы ұзақмерзімді мәртебесі бағдарламаның тиімділігін және аймақтық цифрлық хаб ретінде Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. 

«Digital Nomad Residency маған жайлы өмір сүру мүмкіндігін қарқынды дамып жатқан технологиялық экожүйемен ұштастыруға жол ашты. Рәсімнің заманауи әрі ыңғайлы жүргізілетінін ерекше атап өткім келеді. Бұл бағдарлама IT-мамандарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстан кәсіби тұрғыда даму мен халықаралық әріптестік үшін зор әлеуетке ие. Алғашқы резидент атану мен үшін үлкен мәртебе», – деді Digital Nomad Residency иегері Павел Филатов. 

Айта кетерлігі, Digital Nomad Visa және оның жалғасы болып табылатын Digital Nomad Residency бағдарламалары жасанды интеллект, Big Data, автоматтандыру және ақпараттық қауіпсіздік бағыттарындағы «цифрлық көшпенділерді» тартуға бағытталған. 

Алғашқы Digital Nomad Residency рәсімделуі – жай ғана ресми құжат емес, бұл Қазақстанның әлемдік IT-мамандарға ашықтығының белгісі әрі елдің өңірлік технологиялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайту жолындағы маңызды қадам.

  • 06.10.2025
  • 10
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика