• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келген Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған делегацияға облыс орталығындағы жаңа нысандарды таныстырды. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысты.
Алдымен қонақтар «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған орталық мамыр айында пайдалануға берілді. Академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.
Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар. Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркем-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Абай облысынан келген делегация «Анаға тағзым» орталығындағы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және ананы құрметтеуге үндейтін жобаларға қызығушылық танытты. Абай облысының әкімі орталыққа ана мен бала бейнеленген картинаны сыйға тартты.
Одан кейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратына барды. Нысан құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталып, биылғы маусымда пайдалануға берілді. Аумағы 3 мың шаршы метрден асатын ғимаратта 12 экспозициялық зал бар. Қорда 70 мыңға жуық тарихи экспонат сақталған, оның 25 120-сы түпнұсқа.
Музейдің бірінші қабатында «Киелі мұра» экспозициясы, «Табиғат және палеонтология», «Археология», «Орта ғасырлар өркениеті», екінші қабатта «Қазақ хандығы», «Этнография», «Өлке тарихы», «Алаш зиялылары», «Ерлік және даңқ», «Мәдениет және өнер», «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Ғарышты игеру», «Тәуелсіз Қазақстан» залдары орналасқан.
Археологиялық қазба жұмыстарының ғылыми негіздемелеріне сүйеніп жасалған алтын киімді «Шірік Рабат сақ жауынгері», алтын әшекейлі «Сығанақ ханшайымы», алтын қылышты «Түгіскен көсемі» және «Жетіасар ақсүйек әйелі» тарихи реконструкциялары ғылыми айналымға енгізілді. Залдардың құрылымы, жабдықтары мен безендірілуі жасанды интеллект элементтерін қолданып, 3D модельде жасалған.
Әрі қарай аймақ басшысы мен қонақтар Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Абай облысының Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры артистері сахналаған, халықаралық театр фестивалінде бас жүлде иеленген «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» қойылымын тамашалады. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 20.10.2025
  • 18
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика