• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АХАТ

АХАТ саласындағы заңнамалық жаңалықтар

 Қазақстан Республикасы Президентімен ағымдағы жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 50-ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

          Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тіркеу, қайталама куәліктер мен анықтамалар алу бойынша эксаумақтық қағидат енгізілді. Енді қайталама туу туралы куәлік қажет болған жағдайда азамат қай аймақта туғанына қарамастан, кез-келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін ала алады.

Ата-аналардың таңдауы бойынша смс-хабарлама арқылы тууды проактивті жолмен тіркеуге болады.

 Анасының жеке басын куәландыратын құжатының болмауына қарамастан, баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік беру мүмкіндігі қарастырылған. Осы орайда, балалардың туылған кезінен бастап азаматтықтың болмау мәселесі шешіледі.

Сонымен қатар, дефис арқылы қосарланған есімдер мен әкесінің атын жазу мүмкіншілігі қарастырылған. Мысалы: егер әкесінің аты Әли-Асқар болса, баланың әкесінің атын Али-Аскарович немесе Әли-Асқарұлы деп көрсетуге болады.

Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған және сол мемлекеттің туу туралы куәлігі болған жағдайда тууын тіркеуге негіз болатын құжаттардың тізімі кеңейтілді.

Мысалы, балаға Өзбекстан Республикасында туылған жері бойынша туу туралы куәлігі берілген болса, жаңа түзетулерге сәйкес нақты туылған жері көрсетілген қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлікті баланың ата-анасы тіркеуші органнан алуына болады.

Аталған новелла мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру, денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу, жәрдемақы алу, қарыз жүктемесін алып тастау және т.б. мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға ата-аналарға мүмкіндік береді.

Азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері автоматтандыруларына байланысты алынып тасталды.

Екі куәліктің: асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәліктің орнына, тіркеуші органмен баланың жеке және ата-анасы туралы мәліметтері көрсетілген туу туралы куәлік қана беріледі.

 

 Сот шешімі негізінде неке бұзуды тіркеу тәртібі автоматтандырылды. Аталған мәліметтер Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі және неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғандығы туралы белгі қойылады.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алуға болатын құжаттарды (сот шешімдері, медициналық анықтамалар, Қазақстан Республикасында тіркелген актілер туралы ақпарат және т.б.) азаматтармен мемлекеттік органдарға ұсыну қажеттілігі жойылды.

Жоғарыда аталған барлық новеллалар азаматтардың уақыт және қаражат шығындарын қысқарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету процесін сандық форматқа көшіру мүмкіндігін береді. 

 

 

  • 11.12.2019
  • 818
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика