• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Заңнама және құқықтық ақпарат институты «Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының аясында Нормашығармашылықты жетілдіру және халықты құқықтық ақпараттандыру бойынша басым міндеттердің іске асырылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Іс-шараның модераторлары белгілі заңгер ғалымдар, парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшелері - Марат Башимов пен Индира Әубәкірова болды.

Талқылауға Парламент депутаттары, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, басқа мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашу барысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев сапалы заңдарды қабылдау үшін айқын нормашығармашылық процесс пен қолжетімді құқықтық ақпараттандыру Мемлекет басшысының Жолдауларында айқындалған негізгі ұстанымдарды тиісті деңгейде іске асырудың ажырамас құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

ҚР Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның қабылдануының 35 жылдығы қарсаңында ведомство басшысы дәл осы құжат адам құқықтары мен мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігінің басымдығын айқындай отырып, тәуелсіздік пен заңдылықтың негізін қалағанын атап өтті.

Министр өз сөзінде мемлекеттің тұрақтылығы заң мен тәртіпті нығайтусыз мүмкін емес, бұл мемлекеттік саясаттың басты бағыты екеніне тоқталды.
Министр Әділет министрлігі жұмысының екі негізгі бағытын атап өтті.

Бірінші бағыт — нормашығармашылықты жетілдіру және құқықтық мониторингті дамыту.
Осы мақсатта сот практикасын, азаматтардың өтініштерін талдауға және тиімсіз нормаларды анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллектті қоса алғанда, заманауи технологиялар енгізілуде. Бұл заң шығару процесін неғұрлым айқын және ғылыми негізделген етеді.

Екінші бағыт — нормашығармашылық пен құқық қолдану практикасы арасындағы байланысты нығайту.
Заң іс жүзінде қолданылғанда өз мәнін табады, ал оны қолдану барысында қайшылықтар туындаса, норманы қайта қарау керек. Сондықтан сот практикасы мен кәсіби қоғамдастықтың кері байланысын жүйелі талдау маңызды.

Сондай-ақ, азаматтарды құқықтық ақпараттандыруға, заңнаманың цифрлық сервистер мен онлайн-құралдар арқылы қолжетімділігі мен түсініктілігін арттыруға ерекше назар аударылады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заңнама сапасын арттыру және құқықтық мәдениетті нығайту үшін әділет органдарының, ғылым және қоғам күш-жігерін біріктірудің, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Әзірленген ұсынымдар одан әрі жұмыс барысында пайдалану үшін жолданатын болады.

  • 26.11.2025
  • 11
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика