• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қармақшыда 50 пәтерлік 25 жаңа үй пайдалануға берілді

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жаңадан салынған тұрғын үйлерді табыстау рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, ел ағалары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, өңірдегі ауқымды жобаларды, құрылыс қарқынын, әсіресе, тұрғын үй құрылысындағы жетістіктерді атап өтті.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты баспанамен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті. Өңірімізде құрылыс қарқынды, 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, бүгінде тұрғындар игілігіне қызмет етуде.
2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды. Облысымызда алғаш рет соңғы екі жылда барлық ауданда біржарым мыңға жуық пәтер салынып, жерлестерімізге берілді.
Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 322 пәтерлік 161 тұрғын үй аудандарда бой көтеруде.
Қармақшы ауданында да 2023-2024 жылдары 2 млрд. 848 млн. теңгеге 207 пәтерлік 103 тұрғын үй сатып алынып, кезекте тұрған азаматтарға берілді.Осы жолы тағы 50 пәтерлік 25 жаңа үйді өздеріңізге табыстаймыз.
Бүгін – мемлекеттің қолдауын сезінген барлығыңыз үшін ерекше қуанышты күн!Баспаналы болу әрбір отбасын жақсылыққа жетелейді. Жаңа қоныстарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр шаңырақ татулық пен берекеге толы болғай! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Айта кетейік, 2023 жылы Қармақшы ауданының Тұрмағамбет, Ақжар, Дүр Оңғар ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Өткен жылы Қуаңдария,Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттер салынып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.
Өңірімізде жарияланған «Руханият жылы»аясында аудандарда салынған «Руханият орталықтарының» бірі Қармақшы ауданында бой көтерді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақай ауылдарындажаңа спорт кешендері салынып, пайдалануға берілді.
Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау сөз сөйледі.
Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен, ардагерлермен кездесіп, пікір алмасты. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағыты, алдағы бағдар туралы сауалдарға жауап беріп, жиналған жұртшылықтың ұсыныстарын тыңдады. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 04.12.2025
  • 11
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика