• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қызылордада «Абай» операсының премьерасы өтті

Өнер орталығында ұлы ойшыл, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай» операсының премьерасы өтті. Премьераны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, қала тұрғындары тамашалады. «Абай» трагедиясы - еліміздің мәдени өмірін дүр сілкіндірген қайталанбас кесек туынды. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары қолға алынып, М.Әуезов шығармашылығының маңызды бағыты болған Абайдай ғұламаның тақырыбы, қайталанбас келбеті оқырмандарынан бұрын сахнада сомдалған бейнесі арқылы халқының жүрегінен орын алды. Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің айтулы операсы тек жақсы мен жаманның айқасын бейнелеген қойылым ғана емес, қазақ халқының жан дүниесінің алуандығы мен тереңдігін көрсететін айна, көшпелі өмірдің бірегей салты мен философиясын паш ететін тағылымды туынды.
Кейіпкердің ой тереңдігін, сөзінің өткірлігін, тіл шеберлігін, азамат ретіндегі беделін филармония әртістері негізгі қалпын сақтап, асқан шеберлікпен көрермен қауымға жеткізді.
Ерекше классика кешін халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Рустам Рысмағамбетовтің дирижерлік етуімен облыстық симфония оркестрі сүйемелдеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе. Тұтас сахналанған операға аралас хор ұжымы (көркемдік жетекшісі – А.Қуаныш), «Томирис» би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты М. Тойбазарова), «Ai-Aru» заманауи би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты З.Стықбаева), «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы, (көркемдік жетекшісі – Қ. Боранбаев) және филармония солистері қатысып, көрерменге маңызы терең, философияға толы мәдени демалыс сыйлады.
Операның қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әзиза Іздіқұлова.
Абайдың жеке өмірі, шығармашылығы мен оны тұлға ретінде айшықтауға арналған бұл туынды ұлттық рухты оятатын, қоғамды бірлікке бастайтын зор қозғаушы күшке ие. Абай шығармашылығын, оның ғұмырнамалық, мәдени-рухани мұраларын сан-алуан үлгіде насихаттау қазіргі қазақ руханияты үшін аса қажет. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 04.12.2025
  • 6
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика