- Блогтар
- Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.
ҚР Әдiлет министрi
Әділет министрлігі қоғамдық кеңесінің қорытынды отырысы өтті
Отырыста қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды сапалы әрі уақтылы орындау барысы, азаматтар мен заңды тұлғалардың сот орындаушыларының әрекеттері мен әрекетсіздігіне қатысты өтініштері мен шағымдарын қарау мәселелері қаралып, 2025 жылдың қорытындылары шығарылды.
Сонымен қатар аталған бағыттар бойынша 2024-2025 жылдардың 10 айындағы жұмыс нәтижелері тыңдалды.
Кеңес отырысын ашқан Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев
Қоғамдық кеңес қызметі аясында атқарылып жатқан жұмыстардың практикалық құндылығын мен маңыздылығын ерекше атап өтті. Қысқа мерзім ішінде бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындап, жүйелі және нәтижелі қарым-қатынас орнатылғаны қоғамдық кеңестің бүгінгі күн тәртібі оның айқын дәлелі екенін айтты.
Бүгінде қоғамдық кеңес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Азаматтар үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтық қоғамның маңызды институтына айналып, мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалог алаңы ретінде қызмет атқарып келеді. Мемлекет басшысының 2022 жылғы конституциялық реформалары адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітіп, демократиялық құндылықтарға негізделген құқықтық мемлекет қалыптастыруға берік негіз қалады.
Бұл ретте Әділет министрлігінің нормашығармашылық, атқарушылық іс жүргізу, тіркеу қызметі, зияткерлік меншік, сот-сараптамалық және заң көмегін ұйымдастыру салаларындағы қызметі ерекше маңызға ие.
Қоғамдық кеңес алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмысын жалғастыратын болады.
- 24.12.2025
- 3


