• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Оrda school» мектебін мемлекеттік меншікке алу бойынша меморандумға қол қойылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Orda school » мектебін мемлекеттік меншікке алу бойынша меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандумға облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пен «Orda school» мектебінің құрылтайшысы Мұрат Бақтиярұлы қол қойды. Оған жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, білім саласының қызметкерлері қатысты.
Нұрлыбек Машбекұлы өңірде Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен жүзеге асқан ауқымды жобалар мен тың бастамалар туралы айтып өтті.
«Аймағымызда жас ұрпақтың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Соңғы жылдары біз бюджет қаржысының басым бөлігін әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына бағыттадық. Білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге қаралды. Бөлінген қаржының түпкілікті мақсатқа жетуі мен қаржы бұзушылықтардың алдын алуда нақты шаралар қабылданған.
Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру.
Аймағымызда алғашқылардың бірі болып, тәуекелге бел буып, қаржысын білім беру саласына салған Мұрат Бақтиярұлы ағамыз болатын. Бүгінде «Orda school» жекеменшік мектептерінің желісі 4-ке жетті.
Біз де өз кезегімізде таза, шынайы жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді үнемі қолдап келеміз. «Сабалақ» саяжайы аумағы жыл сайын кеңейіп, халық саны артқанын ескерсек, «Orda school - 2» жеке мектебінің перспективасы зор.
Әрбір ата-ана баласының заманауи ғимаратта оқып, білімді болғанын қалайды. Бұған дейін жеке мектепте 336 оқушы тегін оқып келді. Мұрат Бақтиярұлы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2023 жылдың қыркүйегінде ашылған «Orda school - 2» жекеменшік мектебін облыстық коммуналдық меншікке беру жөнінде шешім қабылдады. Жас өрендеріміздің игілігі жолында жасаған батыл қадамыңыз үшін Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!
Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет алдындағы стратегиялық маңызды міндет. Барша бастамаларыңызға сәттілік тілеймін және бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын!», – деді аймақ басшысы.
Енді бұл білім беру ұйымы №297 орта мектеп болып қайта құрылып, мемлекеттік мекеме ретінде жұмысын жалғастырады. Бұған дейін саяжайдан қаладағы мектептерге қатынап оқуға мәжбүр болған 326 оқушының мәселесі толық шешімін табады.
Басқосуда «Orda school » мектебінің құрылтайшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, «Ұлағат» мектебінің құрылтайшысы Қалқазбек Әжібеков, «Зерде» мектебінің құрылтайшысы Сейтқали Алшынбаев сөз сөйледі. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.12.2025
  • 3
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика