• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қызылордада ҚР Президенті атынан «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты шырша мерекесі өтті

Қызылордада ҚР Президенті атынан «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты балаларға арналған дәстүрлі шырша мерекесі өтті. Ерекше безендірілген кеңістік, алтын реңкті шамдар, аспалы шырақтар, әртүрлі костюм киген ертегі кейіпкерлері балалардың жаңажылдық көңіл-күйін көтере түсті.
Ертеңгілікке Қызылорда қаласынан және аудандардан үздік, өнерлі, қабілетті, білім бәсекелерінде жетістікке жеткен 200-ге жуық оқушы қатысты. Бүлдіршіндер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтауы мен естелік сыйлықтарын алып, театрландырылған қойылым тамашалады.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының өздеріңізге арнаған жаңажылдық құттықтауы, сыйлықтары мен ұмытылмас әсерлі сәттер сіздерге қуаныш пен шаттық сыйлады деп сенемін. Сіздер – тыныштық пен тұрақтылық орнаған Тәуелсіз Қазақстанымыздың жарқын болашағысыздар. Ата-ананың ең үлкен мақсаты – баласын жақсы, адал азамат етіп өсіру. Ал, мемлекетіміз бен қоғамның басты мақсаты – елге ие болатын білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Сіздердің лайықты өмір сүріп, жақсы білім алуларыңыз үшін жағдай жасау – біздің басты мақсатымыз.
Президентіміздің бастамасымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының қабылдануы, «Келешек мектептері» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы, «Білімді қолдау», «Қазақстан халқына» қорларының құрылуы – сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалған нақты істердің айқын көрінісі.
Өңірімізде жас ұрпаққа сапалы білім беру, спортқа, өнерге баулу үшін барлық жағдай жасалуда. Заманауи мектептер, физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, Оқушылар сарайы, музыкалық колледж, жаңа стадион мен Теннис орталығы тұрақты қызмет көрсетіп келеді.
Бірер күннен соң халқымыздың жеті қазынасының бірі саналатын Жылқы жылын жақсылықпен, жақсы үмітпен қарсы аламыз. Осындай жарқын сәтте сіздердің жүздеріңіздегі қуанышты көру еліміздің ертеңіне деген сенімімізді нығайтады.
2026 жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, ата-аналарыңызды жақсы жаңалықтармен қуантыңыздар. Жаңа жылда армандарыңыз орындалып, Тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өркендей беріңіздер!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мерекеде Желаяқ, Күншуақ, Тәттібек, Люми сияқты кейіпкерлер, Жаңа жылдың басты қонақтары – Аяз ата мен Ақшақар балаларға арналған қойылымдар ұсынды. Ғажайыпқа толы мерекені күткен, ертегілер еліне саяхат жасаған жеткіншектер ән айтып, би биледі. Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.12.2025
  • 4
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика