• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.
Салтанатты жиында аймақ басшысы спорт саласын өркендетуде, жұртшылықты салауатты өмір салтына ынталандыруда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Кеше ғана Сыр елінің бас шаһарында өткен құрылтай отырысында ел тарихына алтын әріппен жазылатын, келешек ұрпақ айта жүретін маңызды шешімдер қабылданды. Бұл шешімдер еліміздің саяси, әлеуметтік, және экономикалық дамуына серпін беріп, халқымыздың болашаққа деген сенімін арттырып, ұлт бірлігін нығайтуда маңызды қадам болатыны сөзсіз.
Мемлекет басшымыздың ерекше қолдауы баршамызды жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді.
Президентіміздің ауылды дамыту, аймақтардың әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, оларды елдегі саяси-экономикалық процестерге белсене қатыстыру жөніндегі бастамалары стратегиялық маңызға ие.
Аймағымызда тұрғындардың бұқаралық, кәсіби спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда.
2022 жылдан бері 24 спорт нысаны, атап айтқанда, Орталық стадион, Теннис, Инклюзивті спорт орталықтары, 21 спорт кешені салынды.
Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 4 спорт кешені ашылады. Міне, бүгін 429 млн. теңгеге бой көтерген сол кешеннің бірін Өздеріңізбен бірге ел игілігіне табыстаймыз.
Ауыл спортын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа нысан баршаңызға құтты болғай!», - деді Н.Нәлібаев.
Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан аға буын мен сала қызметкерлері, ғимаратты сапалы етіп салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Еңбек ардагері Болат Сәдуов бата берді.
Мемлекет басшысы аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамытып, стадиондар мен спорт кешендерін салуды тапсырғаны белгілі.
Бүгінде облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі - аумағы 25 мың шаршы метр болатын «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы. «Самұрық Қазына Траст» қорымен бірлесіп «Теннис орталығы», 11 мың орындық жаңа стадион, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері, Инклюзивті спорт орталығы ел игілігіне табысталды. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы мен Жалағаш ауданының орталық стадионы күрделі жөндеуден өтті. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен орнатылған 80 спорт-ойын алаңы ел игілігіне қызмет етуде. Облыс әкімінің баспасөз қызметі

  • 23.01.2026
  • 6
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика