- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Заңды тұлғаларды тіркеу
ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ КОМПАНИЯНЫ ҚАЛАЙ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ
№1 қадам. Жеке параққа кіру.
№2 қадам. «Бизнес» бөліміне ауысу және «Бизнесті тіркеу және дамыту» қосымшасын таңдау.
№3 қадам. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» қызметін табу.
№4 қадам. Қызметті алу ережесімен танысу және оған онлайн тапсырыс беру.
№5 қадам. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» тіркеу түрін таңдау.
№6 қадам. Ұйымдастыру нысаны- «Заңды тұлға» және ұйымдық-құқықтық нысан, мысалы, ЖШС.
№7 қадам. «Ұйымдық-құқықтық нысансыз» атауын енгізу.
№8 қадам. Басшының ЖСН көрсету. Уәкілетті органның басшыны тағайындау туралы режимін, шешімнің нөмірін және күнін таңдау.
№9 қадам. ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу.
№10 қадам. Заңды тұлғаның орналасқан жерін және мекен-жайын енгізу.
№11 қадам. Экономикалық қызмет түрінің кодын енгізу. Айналысатын қызметкердің болжамды санын көрсету.
№12 қадам. Шот ашу үшін банкті таңдау.
№13 қадам. Сақтандыру компаниясын таңдау, еңбек төлемінің жылдық қорын енгізу және сақтандырудың басталған күнін көрсету, ЭЦҚ қою, қызметкерлерді сақтандыру туралы шарт жасау.
№14 қадам. Мәртебесін жаңарту. Бір сағат ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама және тәулік ішінде ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою туралы хабарлама, сондай-ақ банк шотын ашу туралы және кездейсоқ жағдайлардан қызметкерді сақтандыру шарты келеді.
- 13.12.2019
- 460