• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте өңірдің жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды.

Аймақта негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика, өңдеу өнеркәсібінде 14 пайыздық өсім қалыптасқан. Инвестиция тарту бойынша Үкімет бекіткен 789 млрд. теңге меженің 43 пайызына қол жетті.

–Дегенмен бірқатар ауданда өнеркәсіп өндірісі, негізгі капиталға салынған инвестиция көлеміне қатысты жоспар орындалмаған. Салаға жетекшілік ететін жауапты басшылар, негізгі көрсеткіштерге талдау жасаңыздар.

Шілденің 1-індегі есеп бойынша облыс бюджетінің кірісі 111,9 пайыз орындалды. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен облыс бюджеті 100 пайыз толығымен игерілді. Осы ретте басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері, жыл аяғына дейін қаржыны жиынтық жоспарға сәйкес толық игеру керек.

Елді мекендердің қала құрылысы жобаларына түзетулер енгізіліп, оларды цифрлық форматқа ауыстыруға 2024 жылы облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Бірақ бұл жұмыс баяу жүргізілуде. Аудан әкімдері облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесіп, жобаларға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды үйлестіріңіздер, – деді Мұрат Ергешбаев..

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізілуде. Мәжілісте қала аумағында салынып жатқан және салынуы жоспарланған нысандарды ескере отырып, бас жоспардың жобасын жеделдетіп аяқтау, мемлекеттік сараптама қорытындысын 1 қазанға дейін алып, Үкімет қарауына енгізу тапсырылды.

Негізгі көрсеткіштерге келсек, облыста өнеркәсіп 2,4 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 13,8, ауыл шаруашылығының өнімі 3,9, құрылыс жұмыстары көлемі 31,3, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 1,3, сауда көлемі 2,6, инвестиция тарту 7,1 пайыз артқан.

Бұдан бөлек, мәжілісте мерзімді әскерге шақыру науқанының қорытындысы және алдағы кезеңге дайындық барысы талқыланды. Жауапты мамандарға әскерге шақырылатын азаматтар тізімін

20 тамызға дейін жасап, қала, аудан әкімдіктеріне ұсыну, оларды шақыру пункттеріне толық жеткізу, әскерден жалтарушыларды іздеу, оқушыларды медициналық тексеруден өткізуге қатысты тапсырмалар берілді.

–Соңғы күндердегі ауа райы өрт қаупін күшейткендіктен, төтенше жағдайлар, орман шаруашылығы мекемелері толық дайын болуы тиіс. Төтенше жағдайлар департаменті жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп, ахуалды күнделікті қатаң бақылауда ұстаңыздар.

Сондай-ақ суға шомылатын орындардағы, рұқсат етілмеген су айдындарындағы рейдті күшейтіңіздер. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алыңыздар, – деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.07.2026
  • 4
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика