• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Сёке Сабольчпен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Қазақстан мен Мажарстанды тарихи-мәдени байланыстар мен өзара сенімге негізделген серіктестік қатынастар біріктіретінін атап өтіп, Мемлекет басшыларының тұрақты кездесулері екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына серпін бергенін жеткізді.

–Аймағымызға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Бізді ресми құжаттар ғана емес, ортақ тарихи-мәдени тамырымыз, дәстүрлеріміз байланыстырады.

Инвестициялық ынтымақтастық бағытында да маңызды қадам жасалуда. «UBM Group» компаниясы еліміздің бірқатар өңірінде белсенді жұмыс істейді. Компания жобаның екінші кезеңіне өтіп, тағы екі құрама жем зауытын салуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта осы екі зауытты орналастыру мәселесі талқыланып жатқандықтан, оның біреуін Қызылорда облысында салуды ұсынамыз. Өйткені ауыл шаруашылығы – өңірлік экономиканың негізі, – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, республикадағы күріш пен ас тұзы өндірісінің 90 пайыздан астамы Қызылорда облысының үлесіне тиесілі. Кейінгі жылдары мал және құс шаруашылығы, сүт өндірісі қарқынды дамып, құрама жемге деген сұраныс тұрақты өсіп келеді.

Бүгінде «Harvest Agro» компаниясының қатысуымен ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жылына 150 мың тонна жүгері мен 40 мың тонна соя өндіруге мүмкіндік береді және құрама жем өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді.

Өңірде 1,3 миллионнан астам мал басы тіркелген. Ал көршілес Түркістан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының әлеуетін ескерсек, 12 миллионнан асады.

Облыстың географиялық жағынан қолайлы орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы, арнайы экономикалық аймақтың және инженерлік инфрақұрылым тартылған алты индустриялық аймақтың болуы инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 15.07.2026
  • 4
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика