• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚОЖАБАҚЫ АУЫЛЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен ел ағалары Қазалы ауданы Қожабақы ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты шарада аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, елді мекендерде кәсіби және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Баршаңызды спорт кешенінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес» деген болатын.

Бүгін Өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожабақы ауылында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуға жиналдық. Бір күнде 100 адамды қабылдауға қауқарлы заманауи кешенде бокс, грек-рим күресі, волейбол, футбол және баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысуға болады. Бұл ауыл жастарының бұқаралық спортпен тұрақты шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін.

Алдағы уақытта да халқымыздың игілігіне, тұрғындарымыздың жайлы тұрмыс-тіршілігіне, жастарымыздың жарқын болашағына бағытталған жаңа жобаларымыз жалғаса береді», - деді облыс әкімі.

Шарада еңбек ардагері Тілек Махамаш сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар және спорт кешенін сапалы етіп салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның 27-сі - спорт кешені, бүгінде ел игілігіне айналды. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында 11 мың орындық «Қайсар Арена» стадионы, «Теннис орталығы» , Инклюзивті спорт кешені пайдалануға берілді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды.

Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 80 спорт-ойын алаңы салынды.

Бүгінде облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің, «Қайсар» футбол клубы академиясының құрылысы қарқын алды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 22.07.2026
  • 4
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика