• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: қайтарылған активтер есебінен Қызылордада емхана салу үшін 6,5 млрд теңге бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару және ел дамуына бағыттау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда қаласында жаңа емхананы салуға және оны техникалық жабдықтауға 6,5 млрд теңге бөлді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.

Медициналық нысан қаланың теміржолдың арғы бетіндегі бөлігінің тұрғындары үшін салынып жатыр. Қазіргі жұмыс істеп тұрған емхана 1966 жылы салынған, тозу деңгейі жоғары ғимаратта орналасқан. Жаңа медициналық мекеме пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда 400-ге дейін науқасты қабылдай алады және ауданның 35 мыңнан астам тұрғынын медициналық қызметпен қамтамасыз етеді.

Емхана құрылымы амбулаториялық көмектің негізгі бағыттарын: балалар мен ересектерді қабылдау, жалпы дәрігерлік практика, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және сүзгі-бокстарын қамтиды. Диагностикалық және оңалту блоктары функционалдық диагностика, медициналық оңалту, стоматология кабинеттерін, сондай-ақ зертхана мен зарарсыздандыру бөлімшесін біріктіреді.

Емхана заманауи медициналық техникамен жабдықталады. Атап айтқанда, компьютерлік томограф, заманауи ультрадыбыстық аппараттар, рентген аппараттары және тағы басқа да жабдықтар орнатылады.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында шатыр плиталарын бетондау және бірінші қабаттың ішкі бөлу қабырғаларының кірпіштерін қалау жұмыстары басталды. Жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Анықтама:

2024–2026 жылдары Арнаулы мемлекеттік қордан 500-ден астам әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыруға жалпы сомасы 610 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде «денсаулық сақтау жүйесін дамыту» бағыты бойынша жалпы құны 170 млрд теңгеден асатын 191 жоба қаржыландырылды.

  • 30.07.2026
  • 3
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика