• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА МЕН ДРАМА ТЕАТР САЛЫНУДА

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Президент саябағы аумағында салынып жатқан еліміздегі үшінші Президенттік кітапхана мен драма театр құрылысын көріп шықты.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қызылорда қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана мен жаңа драма театр салуды тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес сәуір айында екі нысанның іргетасы қаланды. Кітапхана құрылысына инвестор қаражаты есебінен 20 млрд теңге бөлінген. Жалпы аумағы 13 мың шаршы метр ғимаратта электронды оқу, конференция залдары, архив, баспахана, бағдарламалау және жасанды интеллектіні дамыту медиазертханасы, подкаст студиясы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдері болады. Мұнда бір миллионнан астам кітап қорын сақтауға мүмкіндік бар. Жаңа нысан өңірдегі кітапхана инфрақұрылымын дамытып, ақпараттық-мәдени ортаны нығайтады. Ал жаңа драма театрдың жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден асады, 520 көрерменге арналған. Онда репетициялық залдар, студия және шығармашылық кеңістіктер, әкімшілік кабинеттер орналасады. Сондай-ақ, заманауи сахналық техника, қуатты дыбыс жүйесі және соңғы үлгідегі жабдықтар түрлі жанрдағы қойылымдарды жоғары деңгейде сахналауға мүмкіндік береді.

Екі нысанның құрылыс барысымен танысқан Премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты сала басшыларына ғимараттардың сапалы әрі заманауи үлгіге сай болуын жіті қадағалауды тапсырды.

Сырдария өзені жағалауындағы қорғаныс бөгетінің құрылысы да қарқын алған. Ұзындығы 3 шақырым аумақтың екі шақырымына геобекіткіш тор төселіп, таспен толтырылады. Қалған бөлігінде еңісті қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жағалауды шайылудан қорғайтын арнайы тірек құрылымдары орнатылуда. Тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болу үшін жаяу жүргіншілер жолы мен веложолақ салынады. Бүгінде жұмыстың 50 пайызы аяқталған.

Бұдан кейін Нұрлыбек Машбекұлына алдағы уақытта өңірде жүзеге асатын жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды. Олар - сол жағалауда салынатын тұрғын үй кешені, желдету және ауа баптау қондырғыларын құрастыру, санитарлық-техникалық бұйымдар құрастыру және өндіру жобалары, томат пастасы мен көкөніс пюресі өндірісі, сұйытылған табиғи газ өндіру, екі қорғасын-мырыш тау-кен байыту зауыты, көпфункционалды сауда-ойын-сауық кешені.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 04.08.2026
  • 6
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика