• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫН ДАМЫТУ АЯСЫНДА САЛЫНАТЫН ЖАҢА ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы және Түрікменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневті қабылдады.

Кездесуде тараптар цифрландыру саласын дамыту мәселелерін талқылады.

«Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Осыған орай саланы дамытуда бірқатар бастама қолға алынды. Маусым айында Астанадағы «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығына және бас шаһардың ахуалдық орталығына барып, ондағы жұмыспен таныстым. Сапар барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні, инновациялық жобаларды қолдау және Astana Smart City тәжірибесін қолданысқа енгізу мәселелері талқыланды.Біздің аймақтағы цифрландыру бағытындағы нысандар әр жерде, атап айтқанда, өңірлік «Қызылорда хаб» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында, IT парктің стартаптары мен резиденттері облыстық жастар ресурстық орталығында, «109» және «112» қызметтері облыстық медициналық жедел жәрдем ғимаратында орналасқан. Оған қоса Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, Tumo инновациялық, «Tomorrow school» жасанды интеллект мектептерін ашу қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда, жалпы көлемі 5-10 мың шаршы метр болатын және барлық цифрландыру салаларын орталықтандыратын жаңа ғимараттың құрылысын бастау ұсынылды. Қазіргі уақытта «BI group» компаниясы жобаның концепциясын әзірлеуде. Қала әкімдігі жер учаскесін бөлу мәселесін қарап жатыр. Жоба құрылысына шамамен 10 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.Біз Дүниежүзілік банктің осы жобаға қатысу мүмкіндігін талқылауға және Сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз. Алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыратынымызға сенімдімін», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Бүгінде жасанды интеллектіні экономиканың барлық саласына енгізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлесіп, еліміздегі алғашқы Жасанды интеллект институты өз жұмысын бастады. Бүгінде институтта 240 студент білім алуда. «Қызылорда хаб» оқыту орталығы соңғы үш жылда 48 стартап жобаны жүзеге асырып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 23 ақпараттық жүйе бар. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында 4 жүйе орналастырылған. Олар ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 06.08.2026
  • 4
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика