• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауыл шаруашылығын, жергілікті кәсіпкерлерді қолдаудағы мәселелер талқыланды. Оған өңірдегі шаруа қожалықтардың басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Мұрат Нәлқожаұлы кәсіпкерлікті ілгерлету шараларын тиімді ұйымдастыруда, нақты нәтижеге жетуде ескерілетін жайттарды атап өтті.

«Аймақ экономикасы ұзақ жыл бойы мұнайға тәуелді болып келді. Шикізатқа тәуелділіктен арылып, экономиканы әртараптандыру, терең өңделген өнім өндіру ерекше назарда. Мемлекет басшысының Жолдауында бұл жұмыстарды жаңа қарқынмен жалғастыруға, ішкі және сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы өнім шығаруға басымдық беру тапсырылды. Соңғы төрт жылда өңдеу өнеркәсібінің үлесі 25,6 пайыздан 33,8 пайызға дейін артты. Биылғы бірінші жартыжылдықтың өзінде өңдеу өнеркәсібінде 215 млрд теңгеге жуық өнім өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 13,8 пайызға өсті. Саладағы тағы бір маңызды мәселе – отандық, соның ішінде жергілікті өнімді қолдау. Жақында өткен «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінде жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерімен таныстым. Өнімдердің сапасы жоғары, бәсекеге қабілетті, сырттан келетін тауарларды алмастыруға әлеуеті жеткілікті. Сондықтан баршаңызды жергілікті кәсіпорындардың өнімдеріне басымдық беруге шақырамын», - деді аймақ басшысы.

Бизнесті дамытудың тиімді жолы – цифрлық технологияларды кеңінен пайдалану. Өткен жылы жергілікті кәсіпорындардың электрондық сауда айналымы 121 млн теңгеге, бөлшек саудадағы үлесі 2,3 пайызға жетті. Осы ретте жергілікті кәсіпкерлер бизнесті нарықтың бүгінгі сұранысына сәйкес әртараптандырып, ілеспе жобаларды ашуы, жаңа жобаларды тиімді орналастыруы, мемлекеттік қолдау аясындағы жеңілдіктерді ұтымды пайдалануы керек.

Мәжілісте өңір экономикасының негізі саналатын ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар атап өтілді.

«Өздеріңізге белгілі, кейінгі жылдары аймағымызда вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтуде. Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдарды оңтайландыру тапсырмасына сәйкес, биыл күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 900 гектарға қысқарып, 70 мың гектарға егілді. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру бағытында жүйелі жұмыс бар. Соңғы төрт жылда облыстағы күріш егісі 19 мың гектарға немесе 21%-ға қысқартылып, оның орнына суды аз қажет ететін дақылдар егілді. Бұл жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін 2028 жылға дейін дән жүгері егісін ұлғайту мақсатында арнайы Жол картасы бекітілді. Жоспарға сәйкес жүгері көлемін ұлғайту, техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау ұсыну көзделуде. Агроөнеркәсіп саласындағы жалпы өнімнің 30%-дан астамы мал шаруашылығының үлесінде. Шаруашылықтар маусымдық егіншілікке ғана бейімделмей, жыл бойы жұмыспен қамтитын кәсіпке, яғни мал басын көбейтуге ден қоюы керек. Биыл кешенді жоспар бекітілді. Наурыз айынан бері жылдық 6 пайызбен «Игілік», «Береке» несиелеу бағдарламалары іске қосылды. Бұл қолдаулардың басты мақсаты – мал басын, ет және сүт өнімдерінің көлемін арттыру. Осы бағыттағы жұмысты да әрі қарай жандандыруымыз керек», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мәжіліс соңында жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Жергілікті кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 11.08.2026
  • 4
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика