• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЕЛ ДАМУЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары қатысты. Аймақ басшысы Қазақстан Парламентінің ел тәуелсіздігін нығайтудағы және мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ерекше рөліне тоқталды.

«Отыз жылдан астам уақытта Қазақстан Парламенті тәуелсіз еліміздің құқықтық негізін қалыптастыруға, мемлекеттік институттарды нығайтуға және еліміздің тұрақты дамуына зор үлес қосты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Елімізде саяси және заңнамалық тұрғыдан сапасы жоғары парламенттік мәдениет қалыптасты. Бұл – Қазақстанды дамыған ел ретінде айқындайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі. Парламенттің әрбір шақырылымы Қазақстанның алға қарай нық сеніммен қадам басуына зор серпін берді», - деген болатын. 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы қос палаталы кәсіби Парламенттің қалыптасуына жол ашты. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған үш жарым мыңға жуық заң қабылданды, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі қалыптасты. Конституциялық реформалардың нәтижесінде Парламенттің өкілеттігі кеңейіп, депутаттық корпус пен азаматтық қоғам арасындағы байланыс нығайды. 1995 жылдан бері өңірімізден 27 азамат Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісіне депутат болып сайланды. Олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелердің шешілуіне зор үлесін қосты. Арал өңірінің экологиялық ахуалы, су қауіпсіздігі, ауылдарды қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы бастамалар – соның айқын дәлелелі. Осы ретте ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, елге адал қызмет еткен аймағымыздан сайланған Парламент депутаттарына барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Шарада Биғали Қаюпов, Балайым Кесебаева сөз сөйлеп, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азамат «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» медалімен марапатталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 18.08.2026
  • 4
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика