• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Президент саябағында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен коммуналдық мекемелерге 37 арнайы техника табысталды.

Аймақ басшысы сала еңбеккерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені, «Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз».

Президентіміздің бұл игі бастамасы аясында Сырдың бас шаһары – Қызылордада ауқымды жұмыс жүйелі атқарылып келеді. Аймақ тұрғындары да елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне ерекше үлес қосуда. Туған өлкеміз өзге өңірлерге үлгі болып, тазалық жаршысы атанды.

Осы шара тек тазалықты ғана емес, елдіктің белгісін, ауызбірлік пен ынтымақты паш етті. Бұл – біздің нағыз жасампаз мекен екеніміздің айқын айғағы», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Рәсімде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйледі. «Таза Қазақстан» бағдарламасын өңірде нәтижелі жүзеге асыруға белсене атсалысып, қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Бүгін берілген 37 арнайы техниканың 32-сі«Қызылорда тазалығы» мекемесінің иелігіне өтті. Олардың 15-і – қатты тұрмыстық қалдық тасу көлігі, 5-еуі – қысқы және жазғы мезгілге арналған аралас қызмет техникасы және 12-сі көше тазалығына арналған.

Ал «Қызылорда су жүйесінің» автопаркі вакуумдық ассенизаторлармен және жылжымалы жөндеу техникаларымен толықты. Озық техникалар коммуналдық саланың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыра түседі.

Айта кетейік, кейінгі жылдары барлық саланы материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға ерекше басымдық берілді. Жаңа автобустар алынып, қоғамдық көлік мәселесі шешілді. Мектеп оқушыларын тасымалдауға автобустар, денсаулық сақтау саласына жедел жәрдем көліктері сатып алынды.

Сонымен қатар орман шаруашылығы, ветеринария салаларына және құқық қорғау органдарына қызметтік автокөліктер берілді.

Қалалық коммуналдық қызметтерге де жан-жақты қолдау көрсетілуде. Төрт жылдың ішінде облыстық бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлініп,заманауи үлгідегі 82 арнайы техника алынды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.09.2026
  • 5
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика