• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«АРАЛ ТЕҢІЗІ» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Арал қаласына жұмыс сапары барысында «Арал теңізі» теміржол вокзалының ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Қызылорда облысындағы 7 теміржол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы бар.

Аймақ басшысы жаңғыртылған вокзалдарда жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалғанын, бұл өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға жаңа серпін беретінін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр. 2024 жылы Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, оған іргелес аумақ толық абаттандырылды. Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Сексеуіл теміржол вокзалдарындағы, Талап бекетінің жолаушылар платформасындағы жұмыс толық аяқталып, бұл нысандарда келушілерге қызмет көрсетілуде.

Биыл өңіріміздегі 80 шақырымнан астам теміржол күрделі жөндеуден өтуде. Жалағаш және Тереңөзек кенттеріндегі қызмет көрсету пункттері де жаңғыртылып жатыр. Бүгін Төретам, Жосалы теміржол вокзалдарын да ел игілігіне табыстаймыз. Вокзалдарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңа ғимараттардың сапасы, қызмет көрсету деңгейі облыс аумағынан өтетін қонақтар мен туристердің оң бағасын алып, өңіріміз туралы жақсы әсер қалыптастырады деп сенеміз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Рәсімде Құрылтай депутаты Ирина Тен сөз сөйлеп, Арал ауданының құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Алдаберген Жоланов ақ батасын берді.

Теміржол саласында ұзақ жыл еңбек еткен сала қызметкерлері мен вокзал құрылысын салған мердігер мекеме өкілдеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Айта кетейік, «Арал теңізі» теміржол вокзалы 1905 жылы «Орынбор – Ташкент» теміржол желісінің құрылысы кезінде бой көтерген. Бір ғасырдан астам уақыттан соң жаңарған ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда тәулігіне 600, бір мезетте 224 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Құрылысқа 1,7 млрд теңге қаржы бөлінген.

«Техоснастка ремсервис» компаниясы жұмысты өткен жылы қараша айында бастаған. Вокзалда ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, жүк сақтау қоймасы, күту залы және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға лифт қарастырылған. Одан бөлек шағын асхана, кафетерий және санитарлық-тұрмыстық орындар бар.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 21.09.2026
  • 6
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика