• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев өңірлерге жұмыс сапарын Қызылорда облысынан бастаған «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілесті қабылдады. Еліміздің ақпарат кеңістігіндегі беделді медиақұрылымның бірі – «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына тағайындалуымен құттықтады. Ержан Айтөреұлының журналистика саласындағы көпжылдық еңбегін, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін айрықша атап өтті.

Кездесуде өңірлік және республикалық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

«Сыр өңірінің тумасы ретінде туған жердің тыныс-тіршілігін, елдің мұң-мұқтажын жақсы білесіз, аймақ пен республиканың ақпарат кеңістігіндегі байланысты нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

Бүгінде ұлттық баспасөздің мазмұнын байыту, қазақ тіліндегі сапалы ақпаратты дамыту, дәстүрлі журналистиканың беделін арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Басылымдар Президентіміздің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан маңызды реформаларды кеңінен насихаттап, еліміздің қоғамдық-саяси, рухани-мәдени дамуындағы маңызды жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізіп келеді.

Осы бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыруда біліміңіз бен тәжірибеңіз жаңа бастамаларға жол ашатынына сенім мол. Ұлттық баспасөздің абыройын асқақтатып, жас журналистердің кәсіби қалыптасуына ықпал етіп, елдік мүдде жолындағы қызметіңізді абыроймен жалғастыра беріңіз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

«Қазақ газеттері» ЖШС – еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Уйғур авази», «Ұлан», «Ақ желкен», «Балдырған» және «Дружные ребята» басылымдарын біріктіріп отырған шығармашылық ұжым.

Кездесуде Ержан Айтөреұлы ризашылығын білдіріп, өңірдің жетістіктерін республикалық деңгейде кеңінен танытуға, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 15.10.2026
  • 10
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика