• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ГАЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың тұрғындармен кездесуі, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында жалғасын тапты.

Негізінен баспана, денсаулық сақтау, мал шаруашылығы, білім беру, жол жөндеу және елді мекендерді газдандыруға қатысты мәселелерді көтерген тұрғындарды тыңдаған соң, аймақ басшысы жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Өтініштер мен ұсыныстар егжей-тегжей қаралуы, заң аясында шешу жолдары зерделенуі тиіс.

Жосалы кентінің тұрғыны теміржол өткелі үстінен көпір салуға қатысты бастаманың қазіргі жайын сұрады. Аталған жобаға республикалық бюджеттен 5 млрд 515 млн теңге қаржы бөлуге өтінім жолданып, қаражат қарастыру жоспарланған. Қазір келісімшарт рәсімделуде.

Төретам кентінің тұрғыны тозығы жеткен көшелерді қайта асфальттау, күрделі жөндеу мәселесін қозғады. Кенттегі жалпы ұзындығы 5,84 шақырым болатын Б. Момышұлы, А. Байтұрсынұлы және К. Байсейітова көшелерінің жолын орташа жөндеу жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Тұрғындар Тұрмағанбет және Алдашбай ахун ауылдарын газдандыру мәселесін де көтерді.«Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақтөбе, Ақжар, Тұрмағанбет, Алдашбай ахун ауылдарына газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу» жобасын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен биылға 20 млн теңге бөлінді. Жобаның жалпы құны – 5 млрд 745 млн теңге. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен кейін«ТрансАзияКонстракшн» ЖШС мердігер болып танылды. Қазіргі уақытта келісімшарт рәсімделіп жатыр, 2026-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен газ жеткізу жоспарланған.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 19.11.2026
  • 3
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика