• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ТҰРҒЫН ҮЙ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚОЗҒАДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге Қызылорда қаласының тұрғындарын қабылдап, оларды толғандырған мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жеке қабылдауға 100-ден астам адам келді.

Еске салсақ, өткен аптада аймақ басшысы барлық ауданда осындай кездесулер өткізіп, жұртшылықтың талап-тілектеріне ден қойған болатын. Аудандардағы қабылдауларда негізінен әлеуметтік, инфрақұрылымдық түйткілдерді шешу жолдары талқыланды.

Бүгінгі қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, денсаулық, жолдарды асфальттау, әлеуметтік көмек және жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді.

Атап айтқанда, қала тұрғыны Марал ишан көшесінде қоғамдық көлік аялдамаларын көбейту, автобус тоқтайтын орынды көрсететін арнайы белгі орнату, жол бойына қоршау қою, жаяу жүргіншілер мен мал жүретін жолдарды қарастыру және көшені жарықтандыруға баса мән беруді сұрады. Қазір мұнда «РеалСтройСнаб» ЖШС қала көшелерінен алынған бұрынғы аялдамалардың бірін орнатқан.

Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен көше инфрақұрылымын жаңғырту жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. 6,8 млрд теңгенің жобасы аясында көшені төрт жолаққа дейін кеңейту, 424 жарық шамын, 10 аялдама орнату және жаяу жүргіншілер жолын салу көзделген. Мемлекеттік сатып алу конкурсында «УАД» ЖШС жеңімпаз деп танылып, қазір келісімшарт жасалуда.

Мүгедектер қоғамы ғимаратының пайдаланылмай тұрған бөлігін жөндеуден өткізуге және инватакси қызметін жетілдіру үшін қажетті автокөлік алуға қолдау сұраған облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сағатбек Сиюовтің өтініші бойынша аймақ басшысы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті тапсырма берді.

Басқарма басшылығы ғимараттың жағдайымен танысып, оны демеушілер көмегімен жөндеудің, қажетті автокөлік сатып алудың жолдарын қарастыруы тиіс.

Азаматтардың мәселелері жіті зерттеліп, шешімі заң талаптарына сүйеніп қабылданады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 24.11.2026
  • 7
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика