• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ергешбаев М.Н.
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде телекоммуникация саласын дамыту мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Бүгінде қалалар мен ауылдарды 5G байланысымен қамту кеңейтілуде. 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толығымен бас тарту жоспарланып отыр. Мобильді интернет еліміздегі ауылдардың 92%-ына қолжетімді болады.

Сондай-ақ, республикалық және облыстық автожолдардың 40 мың шақырымын мобильді байланыспен қамтамасыз ету үшін 500-ден астам антенналық діңгек құрылысын салу керек.

Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте аталған мәселелерге орай жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.

«Біздің басты міндетіміз – өңіріміздегі әрбір елді мекенді сапалы интернетпен қамтып, тұрғындарымыз үшін қолжетімді әрі тұрақты байланыс орнату. Бұл жұмыстар формалды түрде жүргізілмеуі тиіс. Сіздерден нақты нәтиже мен көрсеткіштерді талап етемін.

Әрбір оператор өз желісінің жұмысына жауапкершілікпен қарап, өңір тұрғындарына сапалы әрі үздіксіз байланыс ұсынуға міндетті. Сондықтан ең алдымен байланыс сапасы төмен және мобильді интернет мүлдем қолжетімсіз аумақтарды анықтау қажет. Онда базалық станциялар орнату үшін нақты жоспар әзірлеп, жұмыстың мерзімі мен жауапты тұлғаларын белгілеңіздер.

Қабылданған шаралар, атқарылған жұмыстар туралы әр тоқсан сайын нақты есеп беріп отырыңыздар. Белгіленген міндеттемелердің орындалуы мен нәтижесі өзімнің тұрақты бақылауымда болады», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Айта кетейік, қазір өңірдегі 222 ауылдың 207-сі мобильді интернетпен қамтылған. Ал 140 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылған. Жалпы аймақта 1005 базалық станция жұмыс істейді.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында мобильді интернетпен қамтылмаған 15 ауылдың 11-і спутниктік технологиялар арқылы қосылды. Қалған 4 елді мекенді 2027 жылдың соңына дейін мобильді интернетпен қамту жоспарланған. Бүгінде 5G желісінің 158 базалық станциясы бар.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп, 2026-2027 жылдары 65 елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамту көзделсе, қазір оның 14-іне жеткізілді. Қалған елді мекендер кезең-кезеңімен желіге қосылады.

Бұдан бөлек, ұлттық жоба аясында «Қызылорда – Жезқазған» және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолдарының бойында 9 антенналық діңгек құрылысын салу жоспарланған. «Транстелеком» акционерлік қоғамымен бірлескен жұмыс нәтижесінде жыл соңына дейін оның 2-еуінің құрылысы аяқталады. Қалған 7 нысан 2027 жылы іске қосылады деп күтілуде.

Алдағы жылдың соңына дейін 129 ауылда интернетті әр үйге дейін жеткізетін «Соңғы миль» жобасы жоспарланған.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 24.11.2026
  • 22
Ергешбаев М.Н.

Қызылорда облысының әкімі

Ергешбаев М.Н.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика