- Блогтар
- Мусин Б.Б.
Мусин Б.Б.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Президенттік кадрлық резервке қабылданған жастармен кездестім
Президенттік кадрлық резервке қабылданған жастармен кездестім. Жастар өте ұнады. Кейбірі мемлекеттік қызметкер болуды қаласа, екіншісі - өз бизнесін дамытқысы келеді, енді бірі - стартап жобаларды іске асыруды көздейді. Өте білімді, зерек әрі өршіл, жанарлары ұшқын атқан олар жас болса да өз саласында қандай да бір жетістікке қол жеткізген.
2 сағатқа жуық уақыт тез өте шықты. Әріптестеріммен бірге жастардың идеялары мен жоспарлары туралы әңгімелестік. Болашақта бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін талқыладық.
Жастардың зор әлеуеті мен жұмыс істеуге деген ынта-жігері, құлшынысы ұнады. Әрине, бұл – өте маңызды. Біз олардың жоспарларын іске асыруға жағдай жасап, мүмкіндік беруіміз керек. Резервтегі бірнеше жасты жұмысқа қабылдадық, жауапты позицияларға тағайындау үшін тағы да бірнеше жасты қарастырудамыз.
Олардың бірнеше айға созылған іріктеуден сүрінбей өткенін білемін: емтихан, әңгімелесу, жобаларды қорғау, жастарға оңай болған жоқ. Осы сынақтардан өту арқылы олар бірінші кезекте, алға қойған мақсаттарына қолжеткізуге қабілетті екендерін дәлелдеді. Және бұл - мақтануға тұрарлық жетістік.
- 27.02.2020
- 181