• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Г. Әбдіқалықованың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Қымбатты жерлестер!

 

Сіздерді бірлік пен келісімнің, татулық пен достықтың мейрамы – 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке - Отанымызға деген сүйіспеншілік пен қазақстандық патриотизмнің, елге деген адалдық пен азаматтықтың жарқын көрінісі.

Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен айтсақ,  «Мәңгілік елдің алтын діңгегі – береке мен бірлік!»

         Ел бірлігі – асыл сөз. Бірлігі жарасқан елдің тірлігі төрге озады.

         Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан жағдайларды сараптай қарасақ, бейбіт өмір мен тыныштықтың қадірі арта түсері анық.

         Осы ретте, көптеген этностың ортақ шаңырағына айналған Қазақ елі бейбітшілік пен келісімді сақтау арқылы әлемге үлгі болып келеді.

         Кешегі кеңестік қуғын-сүргін кезінде көптеген ұлт өкілдері қоныс аударуға мәжбүр болып, Қазақстанды паналады. Қазақ халқы оларды жатсынбай, дархан пейілін көрсетіп, қамқор құшағын айқара ашты, туған үйіндей бола білді.

         Биыл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады», - деген еді.  

Осы ретте өңіріміздегі 35 этнос өкілі берекелі бірлік пен қоғамдық келісімнің нығаюына атсалысып, ұлттық, рухани құндылықтар мен салт-дәстүрдің, мәдениеттің сақталуына, мемлекеттік тілдің өркендеуіне зор үлес қосуда.  

Жұдырықтай жұмылған бірлігіміздің арқасында күрделі кезеңдегі қиындықтарды қайыспай көтеріп, қуанышымызды қылдай бөлісіп, ырысты ынтымағымыз бен тату тірлігімізді танытып келеміз.

Қадірлі жерлестер!

Хакім Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», ұрпағына қалдырған асыл сөзі қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемнің айтып жүрер ұраны болғандай.

Бір-бірімізге деген құрметіміз шынайы, жүрегіміз мейірімді, пейіліміз кең болсын!

Сіздерге денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке  тілеймін!

Әрқашан халқымыз аман, еліміз тыныш  болсын!

Тәуелсіз Қазақстанымыз жасай берсін!

  • 30.04.2021
  • 266
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика