• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Азаматтарға сапасыз заң көмегін көрсету кезінде сақтандыру өтемдері төленеді

Елімізде алғаш рет адвокаттар мен заң кеңесшілерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институты енгізілді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап адвокаттар сапасыз заң көмегін көрсеткен және кәсіби қателер жасаған жағдайда азаматтар сақтандыру өтемін алуға мүмкіндігі бар.

Заң көмегін көрсету клиент пен адвокат арасында жасалатын заң көмегін көрсетуге арналған шарт негізінде жүзеге асырылады. Мұндай шартты жасаған кезде клиент адвокаттардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы шарттың көшірмесін, сондай-ақ төлем туралы растайтын қаржылық құжатты ұсынуды талап етуге құқылы.

Сақтандыру төлемі адвокаттар не заң консультанттары мен сақтандыру компаниясы арасында жасалған сақтандыру туралы шарт негізінде жүргізіледі.

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері және кәсіби қателіктің болу фактісі сот тәртібімен шешілетін болады.

Республикалық маңызы бар қала, астана аумағында сақтандыру өтемінің мөлшері 2020 жылға кемінде 2 651 000 теңгені, өңірлерде кемінде 1 325 500 теңгені құрайды .

Мысалы, егер адвокат немесе заң консультанты өзінің әрекетсіздігі нәтижесінде апелляциялық шағым беру мерзімін өткізіп алса немесе өтінішті дұрыс жасамаса, онда клиент адвокат сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру компаниясынан залалдарын өтеуге құқылы.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, адвокаттар мен заң консультанттарының кәсіби қателіктері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде азаматтардың құқықтары бұзылып, нәтижесінде оларға залал келтірілген жағдайлар бар.

Соңғы екі жылда Әділет министрлігіне заң көмегін көрсету кезінде адвокаттардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне 600-ге жуық шағым түсті.

Негізінен азаматтар заң көмегінің сапасыз көрсетілгеніне, кәсіби этиканың бұзылғанына төленген ақыны қайтару талабымен шағымданды.

Заң саласындағы сақтандыру институтын енгізудің арқасында, енді сапасыз заң көмегі көрсетілген кезде азаматтар сақтандыру өтемін ала алады.

Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру клиенттің мүдделеріне зиян келтірмеу шараларын қамтамасыз ете отырып, заң көмегін көрсету кезінде әрбір адвокат пен заң консультанттың жеке жауапкершілігін арттырады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта республика бойынша 5300-ден астам адвокат өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда.

 

 

 

  • 10.03.2020
  • 708
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика