- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.
Қызылорда облысының әкімі
Қызылорда облысы әкімі Г.Әбдіқалықованың 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай құттықтауы
Қадірлі жерлестер!
Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерді еліміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып қалыптасқан. Сондықтан да, бұл күн қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні деп есептейміз.
Халқымызда: “Отан - оттан да ыстық” деген даналық сөз бар. Отанды қорғау, оның қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау, адал қызмет ету – әрбір Қазақстан азаматының қастерлі борышы мен перзенттік парызы.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамаларын, Мемлекет басшысы, Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру жолында жауаптылық пен темірдей тәртіпті сақтап келесіздер.
Әлемді жайлаған коронавирус індетінің шарықтау шегінде алғы шепте жүріп, шынай патриотизм мен ерен еңбектің үлгісін көрсеттіңіздер.
Тәуелсіздігіне 30 жыл толған Қазақстанымыздың шекарасының берік, халқының бейбіт болуында өз міндетін әуе кеңістігінде, құрылықта, теңізде, шекарада адалдықпен атқарып жүрген айбыны асқақ әскерилерге, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға алғысымызды білдіреміз!
Егемен еліміздің мұрат-мүддесі жолындағы елдік істеріңізге сәттілік, өздеріңізге мықты денсаулық, отбастарыңызға құт-береке, амандық тілеймін.
Тәуелсіздігіміз мен тыныштығымызды, қауіпсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!
- 06.05.2021
- 218