• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
9 мамыр – Жеңіс күніне орай облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтауы

Қымбатты соғыс және тыл ардагерлері!

Қадірлі жерлестер!

        

         Сіздерді Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесімен шын  жүректен құттықтаймын!

         Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы асқақтап, Жеңіс жалауы желбіреген күн! Осы күні сұрапыл соғыста опат болған, дүниеден өткен  жауынгерлерімізді еске алып, арамызда жүрген майдангерлеріміздің алдында бас иеміз.

         “Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен” қанды соғыс жылдарында қазақстандықтар майданның алдыңғы шебінде болумен бірге тылдағы экономиканың да қуатты тірегіне айналды.

Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біз аға буынның алдында шексіз қарыздармыз және олардың ерліктерін мақтан етеміз!», Мемлекет басшысы, Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз!».

         Тәуелсіздігіне 30 жыл толған еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып, бүгінгі күні жасалып жатқан игі істерге ақ баталарыңызды беріп, ұрпақтарыңыздың аман-саулығын тілеп келесіздер.

          Уақыт алға жылжыған сайын қатарларыңыз сирегенімен, ерліктеріңіздің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті арта түсуде.

         Біз «Ешкім де, ешқашанда ұмытылмайды», - деген ұранды ұстанған елміз. Жаңа буын жас ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан, батырлық пен батылдықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. 

Отбастарыңызға бақ-береке, амандық тілеймін! Ұрпақтарыңыздың қуанышын көріңіздер!

Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Тәуелсіз Қазақстан жасасын!

 

 

  • 06.05.2021
  • 335
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика