- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Азаматтарды онлайн қабылдау өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлімімен бірлесіп, азаматтарды онлайн қабылдадым. Өңірлерден бейнеконференциялық байланыс арқылы 23 адам қатысты.
Өтініш білдірушілер алимент бойынша қарызды өңдіріп алу, сот орындаушыларының, адвокаттардың іс-әрекеттері мен әрекетсіздігі, нотариустердің шешімдерін қайта қарастыру т.б. мәселелерімен келді.
Барлық өтініштерді мұқият тыңдап, құзыретімізге қарай түсіндірме жауаптар мен ұсынымдар бердім. Кейбір мәселелерді Департаменттердің басшылары қосымша қарастырып, жұмыс қорытындысы бойынша өтініш иелеріне толық жауап жолдайды.
⠀
- 18.05.2021
- 193