- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
«Үлкен Еуразия елдерінің» әділет министрлерімен кездесу
2021 жылғы 19 мамырда «Үлкен Еуразия елдері» әділет министрлерінің «Жаңа дәуірдегі әділеттің цифрлық келбеті» тақырыбындағы кездесуіне қатыстым.
Әріптестерімді елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар туралы хабардар еттім. Атап айтқанда, жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, жеке сот орындаушылары институтын одан әрі жетілдіру мен нығайту, және оның қызметін автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айттым.
Кездесуге Ресей Федерациясының, Армения Республикасының, Әйзірбайжан Республикасының, Беларусь Республикасының, Кипр Республикасының, Монголия Республикасының, Сингапур Республикасының және Өзбекстан Республикасының әділет министрлері қатысты.
- 20.05.2021
- 214