• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала үздіктері марапатталды

Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік қабылдау өткіздім.

Сыр өңірінің мәдениет және өнер саласының қызметкерлері ұлттық мәдениетімізді дамытып, төл өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде қашан да алда келеді. Тәуелсіз еліміздің рухани байлығын арттырып, ертеден келе жатқан асыл мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, төл өнерімізді халықаралық деңгейде танытуда мәдениет пен өнер саласы өкілдерінің алар орны ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің жалақысы 35 % өсті. Бұл өз кезегінде мәдениет саласының қызметкерлеріне көрсетілген үлкен қолдау деп есептейміз.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде облыс бойынша типтік жобадағы 31 клуб, 6 музей, 1 кітапхана, 1 мемлекеттік архив құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Облыстық филармония жанынан кәсіби өнер ұжымдары құрылып, Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына «Академиялық» мәртебе берілді. Бүгінде аталған шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін аймағымызда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде көрсетіп келеді.

Әлемді шарпыған пандемия кезінде де мәдениет қызметкерлері адам жанының рухани емшісіне айналып, карантиндік жағдайларға қарамастан әлеуметтік желілер мен арнайы ашылған «Сыр шаңырағы» Youtube каналында рухани-танымдық жобаларды, концерттер мен спектакльдерді, экскурсия, лекция, танымдық сағаттар мен виртуалды көрмелерді онлайн режимде жүзеге асырып, халықпен байланысын үзген жоқ.

Сонымен қатар, биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіби мереке қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мәдениет ұйымдары мен сала қызметкерлері арасында «Рухани қазына – 2021» республикалық онлайн фестивалі ұйымдастырылып, Сыр елінің өнер ұйымдары 3 номинация бойынша жеңімпаз атанды.

 

 

 

 

  • 21.05.2021
  • 277
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика