- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Кеше кешке Ashyq бойынша жиналыс өткіздім. Халыққа түсінікті болу үшін осы мәселе туралы ақпарат бермекпін
Кеше кешке Ashyq бойынша жиналыс өткіздім. Халыққа түсінікті болу үшін осы мәселе туралы ақпарат бермекпін.
Біріншіден, айрықша атап өткім келеді – бұл сервис жуырда мемлекеттің меншігіне берілді. Кеше осы қосымшаны жасаушы Виталий Пустовойтенкомен құжаттаға қол қойып, «ҰАТ» АҚ өз қарамағына алды. Дербес деректердің қауіпсіздігі үшін алаңдаудың қажеті жоқ - Ashyq-тың барлық серверлері «ҰАТ» АҚ-ның мемлекеттік сервер орталығының контурында қорғалған.
Екіншіден, енді қосымша «ҰАТ» АҚ-ның жауапкершілігне өткендіктен, egovMobile-да арнайы функционал әзірлеуге тапсырма бердім.
Естеріңізге саламын, біз басқа платформалар үшін де ашықпыз – хабарласыңыздар! Кез-келген көлденең сервистің қауіпсіздігін егжей-тегжейлі тексереміз. Мұндай тексерістен қазір мемлекеттік қызметтерді ұсынып жатқан барлық сервис өткен болатын. Бұл орайда, күллі нарықтан алғашқы боп екі апта бұрын «Aitu» ресми ұсыныс жасаған болатын. Біз әу баста мемлекеттік сервис саласындағы мемлекеттік монополияны азайтуды көздегендіктен, сервистерді басқа платформаларға шығаруды үнемі қолдап келемін. Олармен серіктестік аясындағы қандай да бір мәліметтерді пайдалануға тыйым салатын ресми келіссөз жасасқан болатынбыз. Aitu мұны қолданушымен арадағы мәмілесіне қосу керектігі туралы ескертуді қаперге алып, енгізіп жатыр.
Үшіншіден, Kaspi және Halyk банкілермен сөйлесіп, платформаларында функционалды жүзеге асыруға ұсыныс жасадым. Ashyq бизнес пен клиенттер үшін маңызды болғандықтан, әріптестерім бұл идеяға түсіністікпен қарап жатыр. Кейін Ashyq-ты дамыту аясындағы жаңа сервистер мен платформалар жөнінде «ҰАТ» АҚ қосымша хабарлайтын болады.
Төртіншіден, жедел енгізілген бір өзгеріс бар. Жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселесіне байланысты. Өздеріңіз білесіздер, «қызыл» мәртебесі бар адамдар басқа кісінің ЖСН-ін қолдану арқылы қоғамдық орындарға өтіп кете алады деген әңгімелер болды. Осы себепті, алдағы уақыттан бастап, егер адам Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, еш жерге кіре алмайды. Сондықтан бірден eGov mobile-ды жүктеп алып, тіркеуден өткен жөн.
Ashyk-ты жүктемеген немесе смартфоны жоқ кісілер жай ғана жеке куәлігін көрсетіп, өз ЖСН-ін айтса болды, нысанның өкілдері базадан оның статусын тексере алады.
P.S. Бұл - экономикамыздың құлдырауына тосқауыл болу үшін жасалып жатқан іс-шара. Ashyq-тың арқасында еліміздегі жүздеген кәсіпкерлік нысандар ашылып, мыңдаған адамдар жұмысқа шығып, өз отбасыларын асырап жатыр. Түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз!
- 24.05.2021
- 277