- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.
Қызылорда облысының әкімі
Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды араладым
Кеше Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды араладым. Алдымен Тасбөгет кентінде орналасқан Бас тоған су алу имаратында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстым.
Қазіргі уақытта қаланың бірқатар мөлтек аудан тұрғындарынан су сапсына қатысты сын айтылуда. Судың қысымы жоғары қабаттарда орналасқан пәтерлерге көтерілмейді деген де шағымдар бар. Осы мәселелрді шешу үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп, қатаң бақылауға алуды тапсырдым.
Одан кейін сол жағалаудағы «УАД» ЖШС арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан қалалық магистралды және С.Бейбарыс көшесіндегі көпірден ЖТЖ (ПДП) көшесіне жанасуға дейін жалпы қалалық маңызы бар магистралды көшелерінің құрылыс жұмыстарын тексердім. Қараултөбе ауылына барып, «ҒЗИ» күріш алқабының жұмысымен таныстым және қала тұрғындарына арнайы бау-бақша егуге арналған жер алқабын көрдім.
«ҒЗИ» күріш алқабының жалпы жер көлемі – 8750 гектар. Бұл жерде жаздық бидай, күздік бидай, арпа, сұлы, қант құмайы, жоңышқа егіледі.
Сонымен қатар Қарауылтөбе ауылдық округінен «Ы.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жерінен Қызылорда қаласының тұрғындарын картоп, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында, маусымдық кезеңде өздері егін егуге шамамен 10 гектар жер бөлінді. Осы жылғы су тапшылығына байланысты қала және ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында су тартатын насос құрылғысы алып берілді.
- 25.05.2021
- 207