- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Шетелде жүрген отандастарымыз маған үнемі мемлекеттік қызмет алу барысындағы түйткілдерді айтып, мәселені шешу жөнінде өтініш-хабарламалар жолдайды.
Шетелде жүрген отандастарымыз маған үнемі мемлекеттік қызмет алу барысындағы түйткілдерді айтып, мәселені шешу жөнінде өтініш-хабарламалар жолдайды. Бір парақ анықтама алу үшін мыңдаған шақырымнан елге оралуға мәжбүр болатын. Сондықтан осындай қызметтерді egov порталына енгізуге шешім қабылдадық. Қазір шетелде жүрген кез-келген қазақстандық некені қию немесе бұзу, баланың тууын тіркеу, аты-жөнін өзгерту бойынша қызметтер мен қайтыс болуы туралы анықтаманы eGov.kz арқылы ала алады.
Осы жобаны жылдам жүзеге асырған "ҰАТ"АҚ-дағы әріптестеріме ризашылығымды білдіремін!
Бүгінгі таңда бұл сервисті 23 елдегі отандастарымыз қолдана алады. Біз біртіндеп енгізілу аясын кеңейтеміз. Қазір төлқұжатты беру қызметіне қатысты жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ақпараттық жүйелер мен Дип. поштаға байланысты күрмеулер болғандықтан, дайындалу мерзімі 80 күн боп тұр. Бұл мерзімді 30 күнге дейін шегеру бойынша пилоттық жобаны Мәскеуде іске қостық. Шетелдік мекемелерде арнайы база орнатып, мерзімді 18 күнге дейін қысқартуды көздеп отырмыз. Кейін пилоттың ауқымы кеңейіп, сұратымдар көбірек түсетін Франкфурт, Мюнхен, Берлин, Вашингтон, Нью-Йорк, Дубай және Сеул сияқты қалаларды қамтимыз.
- 03.06.2021
- 226