- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2021» атағын беру бойынша Байқаудың қорытындылары шығарылды
2021 жылы 31 мамырда «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру үшін конкурстық комиссияның отырысы өтті. Марапат - бұл ең маңызды және кең қолданылатын өнертабыстардың авторлары үшін сыйақы түрі.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын алуға үміткерлерге 9 өтініш комиссияның қарауына жіберілді.
Байқау комиссиясының шешімі негізінде, Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының 2021 жылғы 2 маусымдағы №147 НҚ бұйрығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2021» атағы ең жоғары ұпай жинаған екі үміткерге берілді: техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды техникалық университетінің доцент міндетін атқарушы - Пак Дмитрий Юрьевич және техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды техникалық университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры - Куликов Виталий Юрьевич.
- 04.06.2021
- 205