- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Бұрыннан айтып жүргенімдей, біз мультиплатформалық және ақаулықтардың орнын толтыруға бағытталған принциптерді ұстанамыз
Бұрыннан айтып жүргенімдей, біз мультиплатформалық және ақаулықтардың орнын толтыруға бағытталған принциптерді ұстанамыз. Бүгіннен бастап Ashyq сервисін eGov Mobile және Kaspi қосымшаларында қолдануға болады. Жақын арада Halyk Bank платформасында да іске қосылады.
Жалпы, Ashyq - індет кезінде тоқырап қалған бизнес саласын жандандыруға мүмкіндік беретін жоба. Яғни үйреншікті өмір салтына оралып, сүйікті сауда орталықтарымызға еркін кіріп-шыға аламыз деген сөз. Біздің міндетіміз - жұрт арасында қауіпті вирустың таралмауына күш сала отырып, ел экономикасының дамуына да жағдай жасау.
Бүгін мен ОКҚ (@ortcomkz) алаңында осындай өзекті мәселелерді қозғадым. Баспасөз конференциясының толық нұсқасын ОКҚ-нің Youtube және Facebook парақшаларынан таба аласыздар.
- 07.06.2021
- 291