- Блогтар
- Мусин Б.Б.
Мусин Б.Б.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Мемлекеттік қызметтерді QR-код бойынша алуға болады
Заман ағымына сай мобильді болу қажеттілігін ескерсек, өз өмірімізді смартфонсыз елестете алмаймыз. Сондықтан біз eGov mobile қосымшасын белсенді түрде дамытудамыз. Қазірдің өзінде көп сұралатын 60 қызмет пен сервис қолжетімді. Қосымшадағы ЭЦҚ -ны саусағыңыздың ізімен растап, бір рет басу арқылы құжатқа қол қоюға болады.
Егер сіз қосымшаны белсенді пайдаланып жүрсеңіз, онда соның көмегімен компьютерде веб браузерден QR-кодты есептеу арқылы eGov порталында авторизациядан өте алатыныңызды білетін боларсыз.
Әріптестерімізбен кеңесе келе, осы технологияны қызмет алу кезінде пайдалану туралы шешім қабылдадық. Қызмет алушы компьютердің көмегімен eGov порталына кіріп, қызметке тапсырыс бергенде өтінімге қолды eGov mobile мобильді қосымшасы, яғни смартфонындағы QR-код арқылы қол қоя алады. Ол үшін компьютеріңізге NCA layer бағдарламасын орнатудың және ЭЦҚ-ны компьютерде сақтаудың қажеті жоқ.
Біз осы функционалды іске асыруға кірісіп кеттік және QR-код арқылы қол қоюға болатын мемлекеттік қызметтердің тізбесін кезең-кезеңмен толықтырамыз. QR-код бойынша алғашқы қызметтерді алу мүмкіндігін алдағы айда іске қосуды жоспарлап отырмыз.
- 14.05.2020
- 143