- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.
Қызылорда облысының әкімі
Медицина қызметкерлері және Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты шара
Бүгін медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шараға қатыстым.
Ауырған жанды емдеу, оның өмірін сақтау – дәрігерлердің Отан, адамзат алдындағы қасиетті борыштары. Соңғы жылдары әлемдік індет бізге медицина мамандарының қажеттілігін бұрынғыдан да артық сезіндіріп, мәртебесін биіктете түсті.
Медицина қызметкерлерінің бұл еңбектері шын мәнінде барлық құрметке лайық!
Індетті ауыздықтауда алдыңғы шепте жүрген медицина мамандарына мемлекет тарапанынан қолдау жоғары деңгейде жүруде. Өткен жылы облыс бойынша вируспен күрескен 3 мыңға жуық медицина қызметкеріне 3 млрд.теңге көлемінде үстемеақы төленді. Ал, жиырмадан астам медицина қызметкері жоғары мемлекеттік наградамен, 107 қоғам белсендісі «Халық алғысы» медалімен марапатталды.
Кәсіби мерекеде қажырлы еңбек еткен, қысылтаяң шақта кәсібиліктің жоғары үлгісін көрсеткен бірқатар медицина мамандары марапатталды.
Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күніне орай жастармен кездестім.
Биыл – ел тәуелсіздігіне 30 жыл! Егемендік жылдарында дүниеге келген ұрпақ бүгінде мемлекеттік қызметтің әр саласында табысты еңбек етуде. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Осы ретте, Сыр елінің өсіп-өркендеуі мен дамуына үлес қосатын жастар деп білемін.
- 18.06.2021
- 202