• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сенбі күні Қостанайда іссапарда болдым.

Сенбі күні Қостанайда іссапарда болдым.

1. Алдымен орталық ХҚКО-ға бардым. Жалпы алғанда, жұмыс барысы қалыпты. Алайда облыс орталығындағы фронт-офис үшін кеңірек ғимарат керек деген ой келді, себебі клиенттер кезегін далада күтуге мәжбүр. Бұл мәселені облыс әкімі Архимед Бегежанұлымен бірге шешуіміз керек. Е-Otinish жүйесі арқылы қатардағы азамат ретінде өтінім жолдап көрдім. Жүйені жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз, жаңа ӘРПК бойынша кейбір мәселелер қаперге алынбаған екен;

2. 109 қызметінің жұмысымен таныстым (астанадағы i-Komek сияқты). Жас ұжым бұл жобаға жаны ашып, барынша дамытуға тырысып жатқандығын байқадым. Бірақ заман талабына сай жұмыс істеп, халыққа қолайлы қызмет көрсету үшін әкімдік 112 жобасын іске асырып (102 және 103 қызметтерін біріктіру арқылы), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша қызмет көрсету орталығын ұйымдастыруы қажет.

3. Қалалық су арнасындағы цифрландыру үрдісімен таныстым. Арнайы орнатылған құрылғылар арқылы әр литр су, сондай-ақ қаланың барлық сорғы станциялары мен тораптары туралы ақпарат алуға болады екен. Бұл - құптарлық және қуантарлық жайт. Енді тұрғын үйлерге құрылғылар орнатылса болды. «Судың да сұрауы бар» деген сөздің мәні өскен қазіргі заман үшін бұл аса маңызды мәселе.

Облыстағы ірі кәсіп – ОлжаАгроның жұмысын өз көзіммен көру де мен үшін қызық болды.

Айдарбек агрономдарға арналған қосымшаны қалай пайдаланатындарын, жер қорын цифрландыру барысын және компаниядағы үрдіс ретін көрсетті. Жарты күн бойы жүзеге асырылып жатқан инновациялармен таныстық. Егер еліміздің агроұйымдары осы ОлжаАгро енгізген процеспен жұмыс істесе, ауыл шаруашылығының тиімділігі біршама жоғары болар еді.

Бұл іссапардан нендей ой түйдім?

А) біз әр адым жерді цифрландыру және хаттау ісін барынша және жаппай жеделдету керекпіз;

Ә) жеке монополиялардың алдын алу үшін Қолдау ақпараттық жүйесі бәсекелестік ортада дамуы тиіс. Бұл туралы Президент те бірнеше рет айтқан болатын;

Б) субсидиялау үрдісін қайта қарастыру қажет. Қаражаттандыру процесі ұсынылған мәліметтер емес, скоринг үлгісі негізінде жүргізілуі керек. Әсіресе бұл үрдісте «тетікті алғашқы боп кім басса» деген ұғым тіпті болмауы тиіс;

Г) тыңайтқыштар мен т.б. сатып алуды қаражаттандыру кезінде жерге егжей-тегжейлі агрохимсараптама жасау идеясын насихаттау қажет. Себебі емдеу және дәрі-дәрмек жазып беру үшін алдымен нақты диагноз қою керек.

Әкім және Айдарбекпен мынадай келісімге келдік: ОлжаАгро базасында жергілікті инновациялық Хаб ұйымдастырамыз (АстанаХаб сияқты). Бірақ бұл ауыл шаруашылыққа негізделеді, сондықтан оны Цифрлық деп емес инновациялық деп атайтын болдық. Бизнестер мен стартаптар міндетті түрде цифраға негізделуі тиіс емес қой.

  • 21.07.2021
  • 376
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика