- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Вебинар: «Заң консультанттарының заң көмегін көрсетуіне қатысты өзекті мәселелер»
2021 жылғы 9 тамызда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен «Заң консультанттарының заң көмегін көрсетуіне қатысты өзекті мәселелер» тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізіледі.
Вебинарға қатысушы бола отырып, Сіз мынадай мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз:заң консультантының құқықтары мен міндеттері,заң консультантының қызметін сақтандыру, заң консультанттары палатасының ұғымы, заң консультанттары палатасына мүшелікті сатып алу және тоқтату шарттары мен тәртібі, заң консультанттары палатасының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның басқару органдарының шешімдеріне шағым жасау.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылардың тақырып бойынша қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндігі болады.
Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.
YouTube арнасына сілтеме https://www.youtube.com/user/rkaokz.
Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша сұрақтарды: 119; 8 (7172) 58 00 58 телефондар арқылы алуға болады.
- 06.08.2021
- 295