• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА: «ВИРУСТЫҢ ЖАҢА ШТАММДАРЫНАН ҚОРҒАНУ ҮШІН ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ВАКЦИНА АЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ»

Вирустың таралу деңгейі бойынша Қызылорда облысы әлі "қызыл" аймақта. Шілде айында індет жұқтырғандар саны 3387-ге жеткен. Ал, соңғы 10 күнде індетпен ауырғандар 2000-нан асып барады. Осы жағдайда ескере отырып, өңірде инфекциялық төсек-орын саны 4 есеге дейін ұлғайтылды. Індеттің таралуының және жұқтыру көрсеткішінің артуын алдын алу бағытында медициналық мекемелердің даярлығын пысықтау үшін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгін модульді жұқпалы ауруханаға барып, эпидемиологиялық ахуалды бағдарды. Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің жағдайын сұрап, реанимацияда жатқан азаматтардың халін бақылады.

Үкіметтің қолдауымен 200 төсек орынға арналған модульдік стационар осы аптадан бастап науқастарды қабылдады. Вирус жұқтырған азаматтардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Модульдік ауруханада науқастарға қажетті дәрі-дәрімек толық жеткілікті, мамандардың жұмыс режимі жолға қойылған.

Айта кету керек, реанимацияда ем қабылдап жатқан науқастардың басым бөлігі – вакцина алмаған.

Облыс әкімі соңғы күндері вирустың жаңа штаммдарының пайда болуы себепті тұрғындарды індеттен сақтану амалдарына жете мән беруді, қорғанудың төте жолы вакцинаны алуға шақырды.

 - Коронавируспен күреске облыстық медициналық ұйымдар толығымен дайын. Дәрі-дәрмек қоры, медициналық құрал-жабдықтар жеткілікті. Алаңдауға негіз жоқ. Бүгін модульдік ауруханаға келіп, науқастардың жағдайын бақылап, ахуалды сараладым.

Вирустың жаңа штаммдары жылдам жетуде. Кеше ғана АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Йота» жаңа штаммы таралуда. Осыған байланысты вакцинация жұмыстарын қарқынды түрде күшейтуіміз керек. Жақындарымызды, балаларымызды, дос-жарандар мен әріптестерімізді сақтауға міндеттіміз. Той-жиын, дәстүрлі шаралардан тыйылып, шоғырлану амалдарын жасауға тиістіміз. Балалардың қауіпсіздігі, жақындарымыздың саулығы үшін облыс тұрғындарын екпе алуға шақырамын. Әрбіріміз жауапкершілікті сезініп, қиың кезеңді бірге жеңейік, - деді облыс әкімі.

Қазіргі күні облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынға екпенің 1 компонентімен 61,8%-ы вакциналанды. Кестеге сәйкес, ІІ компонентімен тұрғындардың 47,6%-ы қамтылды. Қыркүйек айында вакцина алған азаматтардың көрсеткішін 85%-ға жеткізу жоспарлануда.

Науқастар үшін 138 дәрігерлік мобильдік топ үйден ем жасауда. Мобильді топ шақыртуларға уақытылы, барып, дәрі-дәрмектерін үйге жеткізуді қамтамасыз етуде.

Қарым-қатынасты шектеу бағытында мониторингтік топ жұмыстары күшейтілген. Бүгінге дейін 167 мониторингтік топпен 12441 нысанға рейдтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 459 карантин талаптарын бұзу жағдайлары анықталып, 33,4 млн. теңге айыппұл салынған. Ал, тамыз айында 398 нысанға тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 56 карантин талаптарын бұзу жағдайлары анықталып, 3,1 млн. теңге айыппұл салынған.

Аймақта маусым-шілде айларында инфекциялық төсек-орын саны 585-тен 2340-қа дейін, ал реанимациялық төсек орын-саны 90-нан 172-ге дейін көбейтіліп, қазіргі таңда жүктеме 55 пайызды құрап отыр. Резервтік төсек-орын санын қосқанда 3200 төсек-орны әзірленді.

Халықты вирустан сақтандыру мақсатында ақпараттық жұмыстар да күшейтілген. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы 19816 мақала жарық көріп, жергілікті телеарналармен 63 бейнеролик көрсетілді. Мұнан бөлек, тұрғындар арасында 24161 үнпарақ таратылып, өңірлік коммуникациялар қызметі арқылы 89 брифинг өткізілді.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловқа вирустың таралу деңгейін тұрақты бақылауға алып, алгоритмге сәйкес қажетті шараларды дер кезінде қабылдау, тұрғындарды белсенді түрде вакцина алуға шақыру жұмыстарын кешенді түрді іске асыруды тапсырды.

 

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

  • 13.08.2021
  • 263
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика