- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Astana_hub Seed Money технологиялық жобаларын қаржыландыру бағдарламасын қолға алды.
Astana_hub Seed Money технологиялық жобаларын қаржыландыру бағдарламасын қолға алды. Бұған дейін жұмысын жаңа бастаған ІТ-кәсіпкерлер стартаптарын дамытуға ақша таба алмай қиналушы еді, енді бұл мәселені шешу мүмкіндігі ұсынылды.
Бағдарламаға қатысушыларға даму кезеңіне байланысты 5 млн-нан 20 млн-ға дейін беріледі:
ІТ-өнімдер прототипі мен пайдаланушылар базасы бар бастаушы стартаптар 5 млн теңгеге дейін өтінім жасай алады;
Орта кезеңдегі стартаптар, яғни пайдаланушылар базасы мен тұрақты сатылымдары бар болса, 10 млн теңгеге дейін ала алады;
Есептелген unit-экономикасы, қаржылық және маркетинг жоспарлары бар ілгері деңгейдегі ІТ-стартаптар 20 млн теңгеге қол жеткізе алады.
Бұл қаражатты кәсіпкерлер ІТ-өнімдерін жақсартуға немесе жалақыға, құрал-жабдыққа және басқа да керек-жараққа жұмсай алады.
Astana Hub өз тарапынан стартап-командаларды тегін жұмыс орнымен, оқу және PR-қолдаумен, Тechpreneurs акселерациялық бағдарламаға қолжетімділікпен, салық жеңілдіктерімен және мүдделестермен кездесу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Ал қатысушылар өз бизнестеріне толықтай қожалық ете алады және кірістің 2 пайызын аударып отырады. Бұл аударымдарды Astana Hub ІТ-стартаптарға бөлінетін қаржыны ұлғайтып, бағдарламаның өміршеңдігіне жұмсайды.
Айта кету керек, Seed Money бағдарламасына қазақстандық қана емес, шетелдік ІT-кәсіпкерлер де үміт арта алады.
Егер сіздің IT-стартапыңыз болса және бағдарламаға қатысқыңыз келсе, толық ақпарат мына сілтемеде astanahub.com/pages/seedmoney
- 13.08.2021
- 237