• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Корея Республикасының делегация өкілдерімен кездесті

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

14 тамыз 2021 жыл                                                                          Қызылорда қаласы

Ағымдағы жылы 14 тамызда аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова генерал Хон Бом Доның сүйегін Корей тарапына табыстау рәсімінен кейін облыстық мекемелер үйінде Корея Республикасы делегациясы өкілдерімен кездесті.

Кездесуде қос тарап өзара байланысты дамытуға бағытталған маңызды мәселелерді талқыға салды. Облыс әкімі Корея делегациясының сапары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың айқын көрсеткіші екенін айтып, табысты және жемісті жобалар жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

- Қасиетті Сыр еліне қош келдіңіздер! Бүгінгі кездесу – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2021 жылғы 17 тамыздағы Корея Республикасына мемлекеттік сапарымен тікелей байланысты. Президенттің мемлекеттік сапары аясында генерал Хон Бом Доның сүйегін табыстау рәсімін өтетін болады. Бұл сапар екі ел арасындағы экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік байланыстарды одан әрі нығайтуға оң ықпал жасайды деп сенеміз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында тарихи сипатқа ие болады, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Қазақстан мен Корея Республикасы 1992 жылдан бастап дипломатиялық қарым-қатынаста. Жүргізілген талдау нәтижелері Корей елінен негізінен автокөліктер, медициналық құрал-жабдықтар, косметикалық тауарлар импортталатынын байқатты.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында ынтымақтастық бағытында бірқатар бірлескен жобалар жүзеге асырылу жоспарлануда. Оның ішінде Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан Сыр елінің бренді саналатын күріш дақылын суды үнемдеп өсіру үшін ақылды технологиялар, тамшылатып суару технологияларын қолдану, білім, денсаулық сақтау салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту, туризм саласын дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында ұсыныстар айтылды.

Аймақ басшысы Қызылорда облысының әкімдігі инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге дайын екенін жеткізіп, алдағы уақытта екі жақты тиімді байланыс орнатуға мүдделі екенін тілге тиек етті.

Корея Республикасының патриоттар және ардагерлер жөніндегі министрі Хван Ги Чхоль екіжақты ынтымақтастықты орнатуда Корея мемлекеті тарапынан қолдау көрсетілетінін айтып, кездесу үшін алғысын білдірді.

  • 16.08.2021
  • 283
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика