• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ «ПЕТРО ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫ БАСШЫСЫМЕН ӨҢІРДІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Президенті Ян Миньюймен кездесіп, өңірдің даму мәселелерін талқылады. Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары және «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ құрылыс және сыртқы байланыстар жөнінде вице-президенті Болат Көшербаев қатысты.

Жиында аймақ басшысы мұнай өндіру көлемі жыл сайын 10-12% азайғанын алға тартып, өңірдің даму қарқынын сақтап қалу бағытындағы бірқатар маңызды іс-шараларды қолға алуды ұсынды. Оның ішінде, табиғи газ және мұнайдың экспорт көлемін ұлғайту, жаңа кен орындарын игеру және ғылыми зерттеулер саласын қолдау сынды жұмыстарды жүргізу қажеттілігін атап өтті.

  • «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының реверсін биылғы жылдың 4 тоқсанында іске қоссақ, мұнай экспортының көлемін 50%-ға дейін ұлғайтып, компания табысын арттыруға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте аталған қаражат мұнай сервистік компаниялардың тарифтері мен еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Соңғы 13 жыл ішінде компанияның қызметтік тарифтері өзгертілмеді. Осы саладағы қызметкерлердің жалақысы мұнай өндіруші компаниялар қызметкерлерінің жалақысынан 3-4 есе төмен екенін ескере отыра, мұнай сервисі саласындағы тарифтерді ұлғайту қажет, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы республикалық бюджет есебінен Сырдария, Шу-Сарысу және Арал шөгінді бассейндерін зерттеу жұмыстары басталғанын мәлімдеп, қолданыстағы контрактті аумақтардан бөлек жаңа перспективті аймақтарда барлау жұмыстарын бастауды ұсынды. Мұнан бөлек, «Петро Қазақстан Инк» құрамындағы мұнай компанияларының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландыру мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аймақтағы спорт саласының дамуы, оның ішінде, «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Ян Миньюй облыс әкімі көтерген мәселелерді мұқият зерделейтінін айтып, мемлекет тарапынан мұнай өндіруші компанияларға көрсетілетін қолдау шаралары үшін алғысын білдірді.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі мұнай компаниясының басшысына жұмысшылармен тыңғылықты жұмыс жасап, бірқатар мәселелерді бірлесіп шешу қажет екенін ескертті.


ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

  • 15.09.2021
  • 286
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика