• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қырғыз әріптестердің шақыруымен Бішкекте іссапарда жүрмін.

Қырғыз әріптестердің шақыруымен Бішкекте іссапарда жүрмін. Қырғыз Республикасының цифрлық даму министрімен жүздесу барысында екі елдің цифрландыру үрдісін талқылап, енгізілген цифрлық жобалар мен алдағы мақсат-жоспарлар туралы ой бөлістік. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау, Білім және ІІМ министрлерімен де ресми кездесулер өткіздік.

Бұл кездесулерден бөлек, біз екі ел арасындағы алғашқы трансшекаралық құжат айналымын сынақтан өткізіп, іске қостық. Яғни бүгіннен бастап екі бауырлас елдің мемлекеттік органдары мен басшылығы ресми хат жазысу, нота жолдау және тағы да басқа құжат айналымын ЭЦҚ-мен қол қою арқылы электрондық нұсқада жүргізе алады. Бұл көптеген қордаланған мәселелерді шешуге жол ашатыны анық.

Біздің басты мақсат-міндеттеріміздің бірі - қазақстандық сәтті жобаларды насихаттап, экспорттау. Сондықтан осы сапарға бірнеше отандық технологиялық компанияларды шақырдым (Cerebra, Sergek, BilimMediaGroup, АзияСофт). Өз өнімдері жайлы айтып, таныстыру нәтижесінде олар цифрлық шешімдерін Қырғыз Республикасында пилоттық тәртіпте іске қосу бойынша келісімге қол жеткізді.

Және кездесу барысында ІТ-жобаларымыздың экспорттық әлеуетін арттыру және тәжірибе алмасу үшін стартаптар экожүйесін дамыту, инвестиция тарту, акселерация бағдарламаларын жасау және ұсыну аясында Astana Hub пен Қырғыз Республикасының Жоғарғы технологиялар паркінің ынтымақтастығы туралы келісіміге келдік.

Әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке қабілетті болу үшін алдымен аймақтық нарықта белсенді болу керек. Сондықтан Түркітілдес елдердің стартаптарынан аймақтық экожүйе құру туралы бастама көтерілді. Түркі одағындағы елдер бізді қолдайды деген үміттемін.

Цифрлық интеграциялау бағытындағы жұмысымызды жалғастырамыз: салық, кеден және тағы басқа салалар бойынша.

  • 30.09.2021
  • 226
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика