• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АТ БӘЙГЕСІНДЕ АРНАТ МҰРАТХАН ОЗА ШАУЫП, 2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Алтын дән-2021» іс-шарасы аясында ұлттық ат спорты түрлерінен бәйге жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, қала әкімі Ғанибек Қазантаев және Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Айтбай Көшербай қатысты.

Аймақ басшысы қызылордалықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен және «Қала күні» мерекесімен құттықтап, ұлттық спортты дамытуды көздейтін мәдени-спорттық шаралардың мәні зор екенін тілге тиек етті.

- Кез келген елдің ұлылығын мәдениеті мен салт-дәстүрі танытса, соның ішінде ұлттық спорт ойындарының орны ерекше. Әсіресе, айбарланып атқа қонып, елдің шебін қорғаған қазақ үшін жылқы ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айрылмас бөлігіне айналып кеткен. Қазақ ұғымында жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады.

Қазақ даласының әр түкпірінде тұяғының дүбірі ерек сәйгүліктер көп болған. Әлімсақтағы Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Ақтамбердінің Керкиігі, берідегі Исатайдың Ақтабаны мен Аманкелдінің Шалқасқасы, Ақансерінің Құлагері ұлт тарихымен біте қайнасып кеткен тұлпарлар, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы кезінде облыстық, республикалық бәйгелерге облыстан қатысқан асыл тұқымды «Император», «Қара қыз», «Ызғар», «Гауһартас» секілді тұлпарлар аймақтың атын асқақтатқанын айрықша атап өтті.

Ат бәйгесіне 50-ден астам шабандоз қатысты. Көрермендер бәйге аламынан асыққан шабандоздарға рух берді.

Аламан көркін қыздырған қатысушылар арасында тай бәйгені ақтөбелік Нұрасыл Айтжан иеленсе, құнан бәйгені алматылық Арнат Мұратхан алды.

15 шақырымды енсерген тоқ бәйгеде жүлделі ІІІ орын қызылордалық Ерасыл Рахатқа бұйырса, ІІ орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген Ансар Арыстанбек алды. Ал, І орынға қызылордалық Мейіржан Досжанов лайықты деп танылды. Жеңімпаздарға сертификаттарды Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Айтбай Көшербай табыстады.

25 шақырымдық аламан бәйгенің ІІІ орыны ақтөбелік Дәуір Ильясқа бұйырды. ІІ орынды қызылордалық Сейтжаппар Дидар иеленді. Ал, аламанда қатарластырына бас білдірмеген алматылық Арнат Мұратхан І орынды алды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жеңімпазға 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Айта кетейік, бүгінде ұлттық спорт облыста бұқаралық сипат алды. Өңірде 16 мыңнан аса спортшы ұлттық спорт түрімен шұғылданады. Жыл сайын облыста 8000-нан аса палуанның қатысуымен өтетін «Алтын белбеу» турнирі ең танымал әрі беделді бәсекенің біріне айналды.

Ұлттық спортты дамыту мақсатында 2018 жылы Қызылорда қаласында «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» ашылды. Мұның барлығы өңірде ұлттық спорттың өркендеуіне септігін тигізіп, үлкен мүмкіндік беруде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі!

 

  • 25.10.2021
  • 340
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика